
Батыс Қазақстан облысының елді – мекендерінде Әлеуметтік кодекстің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 16 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Т.Асылбековпен Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментінің, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның БҚО филиалының өкілдерімен бірлесіп, Шыңғырлау ауданының тұрғындарына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің негізгі бағыттары туралы мәселелер түсіндірілді.
Кездесу барысында қысқартылған жұмыс аптасы, зейнетақы заңнамасын одан әрі жетілдіру, жәрдемақы көлемін ұлғайту, жастарға грант бөлу және т.б. мәселелер талқыланып, ауыл тұрғындарынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.