
Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасымен қала, аудандарда еңбек шарттарын электронды форматтарда тіркеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 12 наурыз күні БҚО кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында өткізілген Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысында «Қала және аудандарда еңбек шарттарын электронды форматтарда тіркеу туралы» мәселе қаралып, оған 40-тан астам ірі, орта кәсіпорын жетекшілері, әлеуметтік әріптестер қатысқан болатын.
Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Тұйғынбетовпен, А.Батыровпен және Т.Асылбековпен e-HR жүейсіне қосылу бойынша кеңінен түсініктер берді.