
Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өндірістік революция жағдайларндағы жаңа мүмкіндіктер» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық жоспардың 73-тармағын, яғни еңбек кітапшалары мен еңбек шарттарын электронды форматқа көшіруді қамтамасыз ету бөлігін орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Еңбек кодексіне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар әзірленді.
Аталған өзгертулер бойынша жұмыс берушілерге Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) келесі ақпараттарды енгізу міндеттілігі қарастырылған:
Жоғарыдағының негізінде, Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасымен қала, аудандарда еңбек шарттарын электронды форматтарда тіркеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 5-6 наурыз күндері Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторлары Д.Қалел мен Т.Асылбеков Бәйтерек және Теректі аудандары орталықтарында, жалпы 50-ден астам мекеме, кәсіпорын жетекшілерін қамтыған жиын өткізіп, e-HR жүейсіне қосылу бойынша кеңінен түсініктер берді.