Облыста «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы жалғасуда

Облыста «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы  жалғасуда

     2022 жылдың 14 қыркүйек күні «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы аясында еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері шағын бизнес саласындағы жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында кезекті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

     Кездесулер кәсіпкерлік субъектілері шоғырланған негізгі орындарда  өткізілді, онда «еңбек шартынсыз жұмыс жасайтын» жалдамалы қызметкерлерді заңдастыру бойынша іс-шаралар талқыланды және еңбек мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

      Кездесу қорытындысы бойынша азаматтарға және кәсіпкерлік субъектілеріне еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша жадынамалар таратылды.