
Ағымдағы жылдың 26 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторлары «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ ұжымында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты – еңбек мәдениетін арттыру және еңбек заңнамасын бұзудың салдары, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсарту жөнінде кеңінен түсіндіру болып табылады.
Кездесу барысында пікір алмасылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік еңбек инспекторлары толық жауаптар берді.