Ақпараттық-түсіндіру кездесуі

Ақпараттық-түсіндіру кездесуі

      Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні  Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторлары «Uniserv Medical Center» ЖШС ұжымында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

      Бұл кездесудің  негізгі мақсаты – еңбек мәдениетін арттыру және еңбек заңнамасын бұзудың салдары, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсарту жөнінде кеңінен түсіндіру болып табылады.

       Кездесу барысында пікір алмасылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік еңбек инспекторлары толық жауаптар берді.