
Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні Батыс Қазақстан Кәсіподақтар үйінде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай дөңгелек үстел өтті.
Шараға мемлекеттік органдар өкілдері мен салалық, жергілікті кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының техникалық инспекторлары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының бөлім басшысы А.Т.Лұкпанов, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Б.Ш.Мубараков, ҚР энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің БҚО бойынша аумақтық департаментінің маманы Н.Утеуов, еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау ардагері С.М. Даулетжанов тақырыптық баяндамалар жасап, қазіргі таңда облыста еңбек қауіпсіздігінің сақталуы, өндірістік жарақаттар мен жазатайым оқиғалар туралы ақпараттар берді.