
Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқармасында мемлекеттік еңбек инспекторлары мен «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РММ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Е.Ш. Кдыровтың қатысуларымен тәжірибе алмасу бойынша кездесу өткізілді.
Кездесуде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және еңбекті нормалау бойынша нормативтік-құқықтық актілердің тәжірибеде қолданылуы кеңінен талқыланып, пікір алмасылды.