
Еңбек ұжымдарындағы еңбек даулары мен жанжалдарының профилактикасы және оларды алдын алу мақсатында, 2022 жылдың 13 қаңтар күні сағат 15.00-де облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқармасында Басқарма басшысы А.Т.Досжановтың, «Халықаралық Медиация орталығы» РҚБ Батыс қазақстан облысы бойынша филиалының директоры М.А.Пруденцаноның және «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ-ның төрайымы А.О.Есекенованың қатысуларымен жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесуде, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында туындауы мүмкін еңбек қатынастарының проблемалық мәселелері, олардың уақытылы анықталуы мен оң шешілуі үшін жан-жақты қолдау көрсету шаралары кеңінен талқыланды.