Ақпараттық-түсіндіру кездесулері жалғасуда

Ақпараттық-түсіндіру кездесулері жалғасуда

Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы С.Джумагазиева «Халықаралық Медиация орталығы» РҚБ Батыс қазақстан облысы бойынша филиалының медиаторларымен бірлесіп  ағымдағы жылдың 26 қараша күні «Казпочта» АҚ Батыс Қазақстан филиалы ұжымында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Бұл кездесудің  негізгі мақсаты – еңбек мәдениетін арттыру және еңбек заңнамасын бұзудың салдарын, сондай-ақ азаматтық, еңбек және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын еңбек даулары бойынша медиацияны қолданудың мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру болып табылады.

Кездесу барысында пікір алмасылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік еңбек инспекторы мен медиаторлар толық жауаптар берді.