
Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету және жұмыс орындарындағы еңбек жағдайын жақсарту мақсатында БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасы «Қауіпсіз еңбек» акциясы аясында жаз мезгілінің басынан бері құрылыс және өндіріс объектілеріне шығу арқылы профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 29 қазан күні, «КазАрмапром» ЖШС өндірістік объектісіне шығу барысында мемлекеттік еңбек инспекторы Қ.Жұмагереев ЖШС жұмыскерлері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ҚР Еңбек кодексінің талаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік еңбек инспекторы басқа ұйымдарды мысалында еңбек қызметіне байланысты орын алатын жазатайым оқиғалар туралы айтып, жазатайым оқиғалардың негізгі себептерін және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған «Халықтық бақылау» жобасының ЖШС-да енгізілуімен танысты.
Аталмыш жобаның мақсаты – еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуын бақылауды күшейту, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарды инклюзивтік жұмысқа орналастыруды қолдау болып табылады.
Осындай профилактикалық шаралар басқа құрылыс және өндірістік объектілерде тұрақты түрде жүргізілетін болады.