
Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы облыстық полиция департаментімен және облыстық білім басқармасымен бірлесіп балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, балалар еңбегін пайдалану, сондай-ақ «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасын іске асыру мақсатында, ағымдағы жылдың 15 – 20 қазан күндері аралығында «Түнгі қаладағы балалар» рейдтерін жүргізуде.