Кезекті «Қауіпсіз еңбек» профилактикалық іс-шарасы

Кезекті «Қауіпсіз еңбек» профилактикалық іс-шарасы

Халықаралық еңбек ұйымының деректері бойынша, жыл сайын әлемде 2 млн. астам адамның өмірі қиылатын 270 млн. жуық жазатайым оқиға мен 160 млн. жуық кәсіби аурулар тіркеледі.

Бұл, әсіресе дамыған технологиялар мен тиімді өндіріс ғасырында үлкен адамдар шығыны.

Біздің облысқа қатысты, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облысымызда өндіріспен байланысты 32 жазатайым оқиға тіркелді. Онда 37 қызметкер зардап шекті: 4 адам қайтыс болды, 25 адам ауыр жарақат алды және 8 өндіріспен байланысты топтық жазатайым оқиғалардан зардап шекті.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау шеңберінде еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бойынша 60 тексеру жүргізді, оның барысында еңбек заңнамасын бұзудың 89 фактісі анықталды, оның 12-сі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша.

Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету және жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында Басқарма жазғы кезеңнің басынан бастап «Қауіпсіз еңбек» акциясы шеңберінде кәсіподақтың аумақтық бірлестігімен, сондай-ақ құрылыс бөлімінің мамандарымен бірлесіп, жанданған құрылыс учаскелеріне барып профилактикалық іс-шаралар жүргізді.

Мәселен, «Меловые горки» шағын ауданында орналасқан, бас мердігері «Альтаир» ЖШС болып табылатын мектеп құрылысы объектісіне шығу барысында көзбен шолып тексеру кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларының қарапайым нормаларын сақтамау бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Бірқатар жұмысшылар қорғаныс каскаларынсыз жұмыс жасады. Ескертулер жасалғаннан кейін ғана бұзушылықтар жойыла бастады.

Сондай-ақ басқарма қызметкерлері мен құрылыс бөлімінің мамандары өнеркәсіп және құрылыс ұйымдарында өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ЖШС, қосалқы мердігерлік ұйымдар қызметкерлері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ҚР Еңбек кодексінің талаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Алдағы уақытта да, мұндай алдын алу іс-шаралары тұрақты негізде және басқа да құрылыс объектілерінде жүргізілетін болады.