Ақпараттық-түсіндіру кездесулері жалғасуда

Ақпараттық-түсіндіру кездесулері жалғасуда

   Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы Бәйтерек ауданы әкімдігімен бірлесе ағымдағы жылдың 21 маусым күні аудан орталығы Переметный ауылында жергілікті мемлекеттік мекемелер басшылары мен қызметкерлерінің және бизнес субъектілері өкілдерінің қатысуымен «Еңбек қатынастарын формализациялау, бейресми еңбек қатыстарында тұрған азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне тарту, сондай-ақ халықтың жұмыспен бейресми түрде қамтылу фактілеріне теріс көзқарасын қалыптастыру» тақырыбында кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

   Кездесу барысында Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторлары Ә.Турумова мен А.Лукпанов қатысушыларға еңбек заңнамасы негіздері, оның ішінде еңбек шартын жасау, еңбек шарттарды «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» енгізудің мақсаты мен артықшылықтары туралы, сондай-ақ қарыз еңбегі саласындағы персоналды беру жөніндегі қызметтер көрсету мәселелерін және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерден жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер үшін ЕАЭО елдері азаматтарымен  уақытылы еңбек шарттарын жасасу, ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісім күшіне енген күннен бастап (20.12.2019 ж.) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын осындай азаматтардың ай сайынғы табыстарынан ұстау және оларды БЖЗҚ-на аудару, оның ішінде бұрын (2015 ж.) еңбек қатынастары рәсімделген ЕАЭО елдері азаматтарының табысынан төлеу қажеттігі туралы кеңінен түсіндіріп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берді.