
Басқарма басшысының 2021 жылғы « 29 » сәуірдегі №58-НҚ бұйрығымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасына ұсынылған ұжымдық шарттарды мониторингілеу мен тіркеу тәртібі туралы нұсқаулықтың» 7-тармағына сәйкес:
Ұжымдық шартқа мониторинг жүргізу мен тіркеу үшін жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) оған қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде Басқарма кеңсесіне (210 бөлме) ресми хатпен қолма-қол:
а) тігілген және нөмірленген, тараптардың түпнұсқа қолдары және мөрлермен расталған қосымшалары бар ұжымдық шартты үш данада;
б) келесі мәліметтер көрсетілген ақпаратты алып келуі тиіс:
ұйымның толық атауы (жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (соңғысы - бар болса), БСН, орналасқан жері, басшысының Т.А.Ә. және байланыс деректері (телефон, факс);
ұжымдық шарт жасалған күніне ұйым (жеке кәсіпкер) қызметкерлерінің саны;
кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы мәлімет;
ұжымдық шарттың қол қойылған, күшіне енген күні және қолданылу мерзімі.