Еңбек шарттарды «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» енгізудің мақсаты мен артықшылықтары туралы

Еңбек шарттарды «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» енгізудің мақсаты мен артықшылықтары туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін» (ЕШЕБЖ) енгізу бойынша жұмыстар жүргізді.

Оның мақсаты – еңбек шартын электрондық нысанда жасасу рәсімін заңнамалық реттеу және оңайлату болып табылады, бұл нәтижесінде еңбек өзара қарым-қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді және қағаздағы еңбек шарттарынан бас тартуға және еңбек шарттарын жасасу кезінде қағаздағы құжаттарды ұсынуға мүмкіндік береді.

Осы орайда және Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өндірістік революция жағдайларндағы жаңа мүмкіндіктер» атты Жолдауын жүзеге асыруСтатья по ПАРЫЗ каз-рус бойынша Жалпыұлттық жоспардың 73-тармағын, яғни еңбек кітапшалары мен еңбек шарттарын электронды форматқа көшіруді қамтамасыз ету бөлігін орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Кодекс) бірқатар өзгертулер мен толықтырулар әзірленіп, 2020 жылдың 4 мамырында енгізілді.

Осы өзгертулер мен толықтырулар бойынша жұмыс берушілерге еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты ЕШЕБЖ-ға енгізу міндеттілігі қарастырылған (Кодекстің 23 бабы 2-тармағы 27) тармақшасы).

Сонымен қатар, аталмыш өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, жұмыс берушілерге ендігі кезекте еңбек шартын жасасуды, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жүргізуге мүмкіндік бар (Кодекстің 33 бабы 1-тармағы).

Электрондық еңбек шарты (E-hr) - бұл жазбаша түрде  жасалатын еңбек шартының дәстүрлі нысанына  қосымша опция. 

Еңбек шарттарын тіркеу https://www.enbek.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін www.enbek.kz «Электрондық еңбек биржасы» порталында (ЭЕБ) тіркелу қажет және кәсіпорын  туралы мәліметтер  ЭЦҚ-мен расталуы керек. 

ЕШЕБЖ-ның негізгі артықшылықтары:

- қағаз құжаттарды жинау қажеттілігінің болмауына байланысты жұмысқа орналасу процесін жеңілдету;

- шарттың болуын, қорға жарналар мен аударымдарды көрсету, сондай-ақ жұмыс берушінің қызметкер алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік тәуекелдерден қорғау.

Электрондық үкіметтің жеке кабинетінде «Еңбек қызметі» бөлімінде ағымдағы еңбек шарты туралы ақпаратты тексеріп көруге болады. Онда  кәсіпорынның атауы, шарттың жасалған күні, нөмірі және лауазымы көрсетіледі.

 ЕШЕБЖ-те/ден  мәліметті  ұсыну және алу тәртібі

Жұмыс беруші жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпаратты ЕШЕБЖ -ге енгізуге міндетті. 

Жұмыс беруші ЕШЕБЖ -ге кадрлық қамтамасыз етуді ЕШЕБЖ-мен интеграциялау арқылы немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы немесе ЕШЕБЖ -мен интеграцияланған еңбек шарттарын есепке алуды автоматтандыруға арналған басқа ақпараттық жүйелер арқылы ақпарат енгізеді: 

- жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы 

- еңбек шартына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы

Еңбек шарттары туралы міндетті мәліметтер : 

- тараптардың деректемелері: жұмыс берушінің- жеке тұлғаның ЖСН немесе жұмыс берушінің - заңды тұлғаның БСН, жұмыскердің ЖСН;   

- белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс (еңбек функциясы);  

- жұмыс орындау орны;

- еңбек шартының мерзімі; 

- жұмыстың басталу күні;

- шарттың жасалған күні және реттік нөмірі. 

Еңбек шарттары туралы қосымша мәліметтер : 

- жұмыс уақыты мен демалыс режимі;

- еңбек шартын бұзуға негіздер; 

- әскери міндет.

Мәліметтерді  жұмыс беруші немесе жұмыс берушінің актісі бойынша осы міндет жүктелген кадрлар бөлімінің бастығы ұсынады .   

ЕШЕБЖ -ге мәлімет енгізу  мерзімі: 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығымен бекітілген Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларына сәйкес:

1) жаңадан жасалған еңбек шарттары туралы  - екі тарап еңбек шартына қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей;  

2) қолданылу мерзімі аяқталмаған еңбек шарттары туралы:

- халық саны 2000 адамға дейінгі кәсіпорындар үшін - ереже күшіне енген күннен бастап 1 жыл ішінде ;    

- Саны  2000 адамнан асатын  кәсіпорындар үшін - ереже күшіне енген күннен бастап 2 жыл ішінде ;    

3) еңбек шартына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы - оларға екі тарап қол қойған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей ;  

4) жұмыскер жұмысқа қайта қабылданған жағдайда түзету туралы – қайта қабылданған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде ;  

5) мәліметті  дұрыс енгізбеген жағдайда  қатені түзету  туралы - бастапқы деректер енгізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ;  

6) егер жұмыскердің және (немесе) жұмыс берушінің деректемелері  қате енгізілген болса, мәліметті жою - алғашқы жазба енгізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ;   

7) еңбек шартын тоқтату  туралы - еңбек шарты бұзылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей енгізуі қажет.    

ЕШЕБЖ-ден мәліметтер жеке және заңды тұлғаларға еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган арқылы  электрондық немесе қағаз түрінде сұрау салу негізінде жеке мәліметтер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып береді.   

Мерзімді  бұзған немесе ЕШЕБЖ-де деректерді көрсетпеген жағдайда жауапкершілік.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте ЕШЕБЖ -ге мәліметтің енгізілмеуі немесе уақтылы енгізілмеуі үшін тікелей жауапкершілік жоқ. 

Алайда, осы талаптардың орындалуын  мемлекеттік еңбек инспекторлары мемлекеттік бақылау шеңберінде жүзеге асырады және егер жұмыс берушілер ЕШЕБЖ -ге мәлімет  енгізу бойынша өз міндеттерін орындамаса, жою мерзімі көрсетілген нұсқама  беріледі.Мемлекеттік еңбек инспекторының   нұсқамасы  орындалмаған жағдайда, материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сот  органдарына жіберіледі.

(Анықтама: Облысымызда бұл жұмыс 2018 жылдан бастап жүргізілуде және 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне облыстың 7 623 кәсіпорны қосылып, 180 973 еңбек шарты енгізілді).