Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы І тоқсанда жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстарға шолу

Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасына 2020 жылғы бірінші тоқсанда жеке және заңды тұлғалардан 141 өтініш келіп түсті, оның ішінде 10 өтініш электрондық үкімет порталы арқылы келіп түскен, 6 жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау барысында ауызша түсінік берілді, қайта түскен - 9 өтініш .

Жеке тұлғалардан 136 өтініш түсті, оның ішінде ұжымдық – 15, заңды тұлғалардан 5 өтініш.

Өтініштермен – 127, шағыммен – 10 және ұсыныс – 4 жүгінген.

54 өтініш мемлекеттік тілде түсті, ең көп өтініштер саны – 87 өтініш орыс тілінде. Өтініш берушілерге жауап қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш  берілген тілде жауап берілді.

Жүгінген 141 заңды және жеке тұлғалардың ішінде: азаматтар – 116 оның ішінде ұжымдар – 15, 1 мүгідек және жұмыссыз 4 адам, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдар – 5

3 айында 111 өтініштер қаралған, оларды қарау нәтижелері бойынша 4 өтініш қанағаттандырылды, 99 – түсініктемелер берілді, 8 өтініш тоқтатылды. Тиісті  мекемелерге 29 өтініштер жолданды. 

Сұрақтардың сипаты бойынша: 75 өтініш еңбекақы төлеу мәселелеріне (саясат, жалақы төлеу, жалақы бойынша берешек) және әлеуметтік қамсыздандыруға жатады, 33 – еңбек заңнамасын бұзу, 8 өтініш жалпы еңбек және халықты жұмыспен қамту мәселелеріне жатады, 11 еңбек қатынастары (жұмысқа қабылдау, еңбектік демалыс, еңбек тәртібі, лауазымдық міндеттерді уақытша атқару), 10 – еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік жарақат алу, 4 – жалпы мәселелер кадрлық қамтамасыз етудің біліктілігін арттыру бойынша.

Басқармаға жалпы 51 өтініш келіп түскен, оның ішінде: Батыс Қазақстан облысы әкімі, аудандар және Орал қаласы әкімі аппаратынан – 7 өтініш, облысының, Орал қаласы және басқа аудандар прокуратураларынан – 25, еңбек инспекциясы бойынша басқа облыстардан  – 10 өтініш, мемлекеттік мекемелерден  – 8 өтініш.

Сондай-ақ, бөлім басшыларына, қарамағындағы бас мамандарға кемшіліктерге жол бермеуін қатаң қадағалау тапсырылып, басшылық тарапынан бақылауға алынды. Басқарма орынбасарымен заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сәуір айынан бастап, он күн сайын 1-ТӨ есебінің көрсеткіштерінің толықтығы мен шынайылығына мониторинг жүргізілуде, сондай – ақ, нормативтік құқықтық актілерді бұзған және статистикалық мәліметтерді дұрыс ұсынбаған жағдайда жауапкершілік күшейтілсін деп тапсырма берілді.

Талдау нәтижелері бойынша өтініштерді қарау мерзімдері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Барлық өтініштер уақтылы қаралып, азаматтар мен заңды тұлғалар өз өтініштеріне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауаптар алды.

Дата публикации
08 апреля 2020
Дата обновления
08 апреля 2020
Тип
Азаматтардың өтініштеріне шолу

Сейчас читают

Ақпарат
08 октября 2026
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өндірістік жарақаттану деңгейіне талдау
Ақпарат
08 октября 2026
Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жағдайына талдау
Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы