Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы ақпан айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстарға шолу

Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасына 2020 жылғы ақпан айында жеке және заңды тұлғалардан 49 өтініш келіп түсті, оның ішінде 4 өтініш электрондық үкімет порталы арқылы келіп түскен, 2 жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау барысында ауызша түсінік берілді.

Жеке тұлғалардан 47 өтініш түсті, оның ішінде ұжымдық – 4, заңды тұлғалардан 2 ұсыныс.

Өтініштермен – 44, шағыммен – 4 оның ішінде қайта өтініш-шағым - 1 және ұсыныс – 1 жүгінген.

17 өтініш мемлекеттік тілде түсті, ең көп өтініштер саны – 32 өтініш орыс тілінде. Өтініш берушілерге жауап қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш  берілген тілде жауап берілді.

Жүгінген 49 заңды және жеке тұлғалардың ішінде: азаматтар – 47 оның ішінде ұжымдар – 4 және жұмыссыз 1, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдар – 2. Ақпан айында 35 өтініштер қаралған, оларды қарау нәтижелері бойынша 24 – түсініктемелер берілді, 4 өтініш тоқтатылды. Тиісті  мекемелерге 7 өтініштер жолданды. 

Сұрақтардың сипаты бойынша: 23 өтініш еңбекақы төлеу мәселелеріне жатады (саясат, жалақы төлеу, жалақы бойынша берешек), 11 – еңбек заңнамасын бұзу, 3 өтініш жалпы еңбек және халықты жұмыспен қамту мәселелеріне жатады, 4 еңбек қатынастары (жұмысқа қабылдау, еңбектік демалыс, еңбек тәртібі, лауазымдық міндеттерді уақытша атқару), 3 өтініш әлеуметтік қамсыздандыруға жатады (жәрдемақы, өтемақы төлеу, зейнетақы төлемдері, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар), 4 – еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік жарақат алу, 1 – жалпы мәселелер кадрлық қамтамасыз етудің біліктілігін арттыру бойынша.

Басқармаға жалпы 10 өтініш келіп түскен, оның ішінде: Батыс Қазақстан облысы әкімі және Орал қаласы әкімі аппаратынан – 3 өтініш, Орал қаласы және басқа аудандар прокуратураларынан – 5, еңбек инспекциясы бойынша басқа облыстардан  – 1 өтініш, мемлекеттік мекемелерден  – 1 өтініш.

Талдау нәтижелері бойынша өтініштерді қарау мерзімдері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Барлық өтініштер уақтылы қаралып, азаматтар мен заңды тұлғалар өз өтініштеріне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауаптар алды.

 

Дата публикации
17 марта 2020
Дата обновления
17 марта 2020
Тип
Азаматтардың өтініштеріне шолу

Сейчас читают

Ақпарат
08 октября 2026
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өндірістік жарақаттану деңгейіне талдау
Ақпарат
08 октября 2026
Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жағдайына талдау
Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы