Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасына 2020 жылғы қаңтар айында жеке және заңды тұлғалардан 50 өтініш келіп түсті, оның ішінде 3 өтініш электрондық үкімет порталы арқылы келіп түскен, 3 жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау барысында ауызша түсінік берілді.
Жеке тұлғалардан 48 өтініш түсті, оның ішінде ұжымдық – 6, заңды тұлғалардан 2 ұсыныс.
Өтініштермен – 45, шағыммен - 3 және ұсыныс – 2 адам жүгінген, қайта өтініштер - түскен жоқ.
Өтініштердің басым көпшілігі 28 орыс тілінде, 22 қазақ тілінде. Өтініш берушілерге жауап қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берілген тілде жауап берілді.
Жүгінген 50 заңды және жеке тұлғалардың ішінде: азаматтар – 40, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдар – 2, ұжымдар – 5, жұмыссыз – 3. Қаңтар айында 23 өтініштер қаралған, оларды қарау нәтижелері бойынша 1 өтініш қанағаттандырылды, 21 - түсініктемелер берілді, 1 өтініш тоқтатылды. Тиісті мекемелерге 13 өтініштер жолданды.
Сұрақтардың сипаты бойынша: 23 өтініш еңбекақы төлеу мәселелеріне жатады (саясат, жалақы төлеу, жалақы бойынша берешек), 16 – еңбек заңнамасын бұзу, 3 өтініш жалпы еңбек және халықты жұмыспен қамту мәселелеріне жатады, 2 өтініш әлеуметтік қамсыздандыруға жатады (жәрдемақы, өтемақы төлеу, зейнетақы төлемдері, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар), 4 – еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік жарақат алу, 2 – жалпы мәселелер кадрлық қамтамасыз етудің біліктілігін арттыру бойынша.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Басқармаға жалпы 22 өтініш келіп түскен, оның ішінде: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінен – 1 өтініш, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратынан – 3 өтініш, облыс, Орал қаласы және басқа аудандар прокуратураларынан – 14, еңбек инспекциясы бойынша басқа облыстардан – 2 өтініш, мемлекеттік мекемелерден – 2 өтініш.
Басқарманың ресми интернет-ресурсында «Басшысының блогы» өтініштер бойынша жұмыс жалғасуда. Қаңтар айында еңбек қатынастары бойынша 2 сұрақ келіп түсті, оларға тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар, ЭҚАБЖ ілеспе хаттары арқылы ұйымдарға еңбек заңнамасының әр түрлі мәселелері бойынша 6 үсініктеме берілді. Күн сайын мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмыс телефондарына Жеке және заңды тұлғалардан еңбек заңнамасын іске асырудың түрлі мәселелері бойынша ауызша өтініштер келіп түседі, олар бойынша басқарма қызметкерлері ауызша түсініктемелер береді.
Талдау нәтижелері бойынша өтініштерді қарау мерзімдері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Барлық өтініштер уақтылы қаралып, азаматтар мен заңды тұлғалар өз өтініштеріне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауаптар алды.