2019 жылы Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерінің 753 өтініші келіп түсті, бұл 2018 жылға қарағанда 16% пайызға азайды (893).
Олардың басым бөлігі – 737 (2018 ж. – 858) жеке тұлғалардың өтініштері, оның ішінде ұжымдық – 87, және 16 (2018 ж. - 35) заңды тұлғалардың өтініштері, оның ішінде ұжымдық – 1.
Өтініштердің түрлері бойынша барлығы: арыз – 709 (2018 ж. – 837); шағым – 33 (2017 ж. – 35); басқалар – 4 (2018 ж. - 21). Бұл ретте электрондық ресурстар (электрондық үкімет порталы) арқылы түскен өтініштер саны көбейді - 41. Бекітілген кестеге сәйкес 67 (2018 жыл – 34) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау ұйымдастырылды.
Өтініштердің негізгі бөлігі, жалақы алуға байланысты (жалақы бойынша берешектер) 417 (55%) (2018 год – 433), 222 (30%) (2018 год – 190) – еңбек заңнамасын бұзу, 72 (10%) (2018 год - 216) өтініш – еңбек және халықты жұмыспен қамту, 26 (3%) (2018 год – 54) – өндірістік жарақаттану, 16 (2%) – басқа да мәселелерге жатады. Оларды қарау нәтижелері бойынша 96 өтініш қанағаттандырылды, 396 - түсініктемелер берілді, 120 өтініш тиісті мекемеге жолданды.
Қазақ тілінде өтініш білдіргендер 214 (30%) өтінішті құрайды, 489 (70%) өтінішті орыс тілінде құрайды. Өтініш берушілерге жауап қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берілген тілде жауап берілді.
Ең көп өтініштер жолдау басқармасына облыстық, Орал қаласының және аудандық прокуратуралардан – 115 өтініштер, басқа облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқармалардан – 25өтініш, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – 16, Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты – 18, басқа мемлекеттік мекемлер және ұйымдар – 16 өтініштер келіп түскен.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2019 жылы 13 өтініш (52 – 2018 ж.) қайталанған өтініштер санының айтарлықтай төмендеуі байқалады. Оларды қарау нәтижелері бойынша 12 - түсініктеме берілді, 1 өтініш тоқтатылды.
Басқарма жұмысының тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі «шағымдар мен өтініштерді қарау мерзімдерін сақтау» және «негізделген шағымдар мен өтініштерді қайта қарау» болып табылады. Осы мәселе бойынша Басқармаға жіберілген нұсқаулар мен нақты тапсырмалар бойынша жылдың ішінде бірнеше рет жедел кеңестер өткізілді.
Өтініштер бойынша құқықтық түсіндіру жұмысы мақсатында Басқарманың ресми интернет-ресурсында «Басшысының блогы» бөлімі жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында еңбек қатынастары мәселелері бойынша Басшысының блогына 26 өтініш келіп түсті, олар бойынша тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар, ЭҚАБЖ ілеспе хаттары арқылы ұйымдарға еңбек заңнамасының әр түрлі мәселелері бойынша 86 түсініктеме берілді.
Басқа ауданнан келген келушілерге басқарманың басшылары оларды өтініш берген күні қабылдау үшін, қазіргі кестеге қарамастан, толық мүмкіндіктер жасалған. Тұрғындармен байланыс жасау және өзара іс-қимыл жасау мақсатында басқарма басшысы және басшының орынбасары Бөрлі және Сырым аудандарында еңбек заңнамасын түсіндірумен кездесулер өткізді.
Күн сайын мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмыс телефондарына Жеке және заңды тұлғалардан еңбек заңнамасын іске асырудың түрлі мәселелері бойынша ауызша өтініштер келіп түседі, олар бойынша басқарма қызметкерлері ауызша түсініктемелер береді.
Талдау нәтижелері бойынша өтініштерді қарау мерзімдері бойынша бұзушылықтар жоқ. Барлық өтініштер уақтылы қаралып, азаматтар мен заңды тұлғалар өз өтініштеріне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауаптар алды.