Меню

Страницы

Статья

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету (2021 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша)

   Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 17 бабына сәйкес, еңбек инспекциясы өндірістік жарақаттанудың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде шараларды қабылдайды.

    2021 жылдың І жартыжылдығында (2021 жылдың І жартыжылдығында) 28 (31) өндіріспен байланысты жазатайым оқиға орын алды, оның ішінде 2 (2) топтық.

      Жазатайым оқиғалардан 32 (34) адам зардап шекті, оның ішінде:

4 (2) қаза тапқан;

22 (27) адам ауыр жарақат алған;

6 (5) адамтоптық жазатайым оқиғалардан зардап шеккен.  

  Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде еңбек инспекторларымен 5 (2) нұсқама берілді.

    Жазатайым оқиғаларға 40 (43) арнайы тексеру жүргізілді, оның ішінде өндірістегі жазатайым оқиғалар саны - 28 (31). Құқық қорғау органдарына 28 (31) материал жолданды.

   Қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету мақсатында, қазіргі таңда:

-   16  кәсіпорны еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өтті.

-  889 астам басшылар мен мамандар оқу орталықтарында еңбекті қорғау және қауіпсіздігі бойынша білімдерін тексеруден өтті.

-   облыс кәсіпорындарында 600 астам өндірістік кеңес жұмыс істейді, олардың міндеттеріне өндірістік жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайына тексеру жүргізуді ұйымдастыру кіреді.

- бүгінде «Vizion Zero» тұжырымдамасын қолдау мақсатында облыстың 75 ұйымы ресми сайтта «Компания» ретінде тіркелді.

  Сонымен қатар, жарақаттану деңгейін төмендету және еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында, «2019-2023 жылдарға арналған өндірістік жарақаттануды және зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын азайту жөніндегі республикалық Жол картасы» іске асырылуда, әлеуметтік әріптестермен бірлесе облыс кәсіпорындарында мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде «Халықтық бақылау» жобасы (4 кәсіпорында енгізілген), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық, ұлттық стандарттар (121 кәсіпорында енгізілген) енгізілуде.

Дата публикации
08 июля 2021
Дата обновления
08 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
08 октября 2026
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өндірістік жарақаттану деңгейіне талдау
Ақпарат
08 октября 2026
Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жағдайына талдау
Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы