Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша жүргізілген ішкі талдау

«Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

 

Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасында  (әрі қарай - Басқарма) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында 12.11.2020 жылы № 158-НҚ бұйрығымен жұмыс құрамы құрылды.

Аталған бұйрықтың негізінде Басқарманың бөлімдеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Жүргізу мерзімі: 12.11.2020 ж.- 16.11.2020 ж.

Жүргізілетін кезең: 01.01.2020 ж. – 10.11.2020 жыл аралығы.

Басқарма 17.11.2016 жылғы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы қаулысы негізінде қызмет атқарады.

Басқарма 4 бөлімнен, яғни еңбек қатынастарын бақылау, еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау, ақпараттық-талдамалық, Қаржы, кадр және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінен тұрады.

Басқарма Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

         Басқармада бағынысты ведомстволары жоқ.

 

1.ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ, СОНЫҢ ІШІНДЕ КАДРЛАРДЫҢ АУЫСУЫ

2020 жылдың 10 қарашасына Басқарманың штаттық саны -17, нақты саны – 17, бос орын жоқ.

2020 жыл басынан бері Басқармаға барлығы 4 маман қабылданды, өз еркімен жұмыстан шыққандар саны – 4.

Теріс себептермен жұмыстан шығарылғандар жоқ.

2020 жылы кадрлардың таза ауысымдылығы 11,7%-ды құрады.

1 мемлекеттік қызметшіге «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілді.

 

Ұсынымдар: Басқармада кадрлардың тұрақтылығын және басқарудың тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жоспары жасақталсын.

 

  1. МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ

Аталған бағыттағы талдау нәтижесінде Басқармада мүдделер қақтығысы анықталмады.

Ескерту: а.ж. 14 қыркүйек күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің, облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен кездесу, а.ж. 12 қарашада Басқарма қызметкерлеріне ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысы бойынша енгізілген соңғы  өзгерістер туралы құқықтық оқыту өткізілді.

 

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ.

Басқармамен мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

 

  1. РҰҚСАТ БЕРУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ

Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 193-бабының 12-тармағына сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысуға құқығы бар деп көрсетілген, яғни бұл жерде мемлекеттік еңбек инспекторларының сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін арттырады.

Қызметкерлердің білімін тексеру нәтижелері хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға емтихан комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білім сынағынан өткен басқарушы және жауапты қызметкерлерге сертификат беріледі.

Ережеге сәйкес, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеру мен оқыту күндізгі және «онлайн» режимінде өткізіледі.

Алайда, ережеде сертификаттарды беру және тіркеу тәртібі нақты көрсетілмген, тіпті арнайы тексеру нәтижесінде оқу орындарымен сертификаттар оқытуды өткізбей, күні бұрын беріліп, сот негізінде шешуге әкеп соққан фактілер анықталды.

Осы жерде мемлекеттік еңбек инспекторларына қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және оқытудың сапасын арттыру мақсатында аталған функцияны меншік түріне қарамастан, облыстағы оқу орындарын беру, цифрландыру, оқытуды «онлайн» режимінде жүргізудің тәртібін белгілеу, сертификаттарды берудің бірыңғай тізілімін енгізіп, жұмыс берушілерге 2-3 ж.к. ішінде сертификаттарды еңбек инспекциясында тіркеуін, еңбек инспекциясының сертификаттарды беруге мониторинг жасауды міндеттеу бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, облыс әкімі аппаратына ұсыныстар жолданды.

 

  1. БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шарттарына сәйкес барлық өндіріс орындары аттестациялаудан өтуі қажет.

Қазақстан Республикасының  2014 жылдың 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 94-бабына сәйкес, жұмыс берушінің ҚР еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы – ескерту жасауға немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Алайда, өндірістік объектілерді еңбек жағдайларын аттестаттауды жүргізу бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда, жұмыс берушілер арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жауапкершіліктің болмауына әкеп соғуы мүмкін.

Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторларының ескерту немесе айыппұл түріндегі әкімшілік жазаның біреуін таңдауда сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдігін арттырады.

Осыған сәйкес, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 94-бабына өзгеріс енгізу туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментіне және облыс әкімі аппаратына ұсыныстар жолданды.

 

БӨЛІМШЕНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕН ТУЫНДАЙТЫН ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕР

Басқармада келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы талабына сай қаралады.

Басқармада мемлекеттік сатып алуды «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталымен жүзеге асырылады.

Тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде заң бұзушылық фактілері орын алмаған.

  1. Басқарма Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

1) Басқарма қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:  ҚР Еңбек кодексі, ҚР Кәсіпкерлік кодексі,  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативті құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдары.

2) Басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмаған. 

3) Жыл басынан бері 1 мыңнан астам жұмыс беруші өкілдерін және жұмысшыларды қамтыған еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша 53 кездесулер, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 20 түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, Басқарма басшылығы 7 рет әлеуметтік желілерде, баспасөз конференцияларында еңбек заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

4) Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша прокурорлық қадағалау актiлерi жоқ;

5) Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша шығарылған сот актілері жоқ;

Басқарманың сайтында атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар жариялануда.

Басқармада көрсетілген мерзімде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тіркелмеген.

Басқармада сыбайлас көріністері бойынша фактілер орын алған жоқ.

ҚР заңнамаларына енгізілген өзгерістер туралы Басқарма қызметкерлері арасында құқықтық оқытулар, түсіндірме жұмыстары тұрақты атқарылуда.

Басқармада сенім телефоны (50-04-86) бар және арыз-шағымдар жәшігі орнатылған. 

Дата публикации
17 ноября 2020
Дата обновления
17 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
08 октября 2026
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өндірістік жарақаттану деңгейіне талдау
Ақпарат
08 октября 2026
Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жағдайына талдау
Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы