Меню

Страницы

Статья

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өндірістік жарақаттану деңгейіне талдау

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндірістік жарақаттану деңгейінің өскені байқалады.

Ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін өндіріспен байланысты 37 жазатайым оқиға тіркелді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48%-ға артық (2025 жылы – 25 жағдай).

Жазатайым оқиғалар салдарынан 50 адам зардап шекті, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 66%-ға артық (2025 жылы – 30 адам).

Зардап шеккендердің жалпы санынан:

-29 адам ауыр жарақат алды, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 39%-ға артық (2025 жылы – 23 адам);

-8 адам қаза тапты, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 400%-ға артық (2025 жылы – 2 адам);

-13 адам жеңіл жарақат алды.

Топтық жазатайым оқиғалардың саны 8 жағдайды құрап, олардан 21 адам зардап шекті. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 33%-ға артық (2025 жылы – 6 топтық жазатайым оқиға, 12 адам зардап шеккен).

Анықтама үшін:

Адам өліміне әкелген жазатайым оқиғалар мынадай жағдайларда орын алды:

-Жәнібек ауданындағы шаруа қожалығының 2 қызметкері денесінің қатты тоңуы салдарынан қайтыс болды;

-шұжық өндіру цехының 1 қызметкерін жабдық басып қалып, қаза тапты;

-жеке кәсіпкердің 1 қызметкері биіктіктен құлау салдарынан қаза тапты;

-Казталов ауданындағы халықтың демалысын ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік кәсіпорынның 1 қызметкері иіс газынан уланып қайтыс болды;

-облыстағы жолдарды күтіп-ұстау және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорынның 1 қызметкері жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты;

-электр желілері компаниясының 1 қызметкері электр тогының соғуынан қаза тапты;

-жеке кәсіпкердің 1 қызметкерін автокөлік қысып қалып, қаза тапты.

Өндірістік жазатайым оқиғалар ең көп тіркелген салалар:

-Денсаулық сақтау саласында – 5 жағдай, 12 адам зардап шекті;

-энергетика саласында – 4 жағдай, 4 адам зардап шекті;

-білім беру саласында – 4 жағдай, 4 адам зардап шекті;

-ауыл шаруашылығы саласында – 3 жағдай, 4 адам зардап шекті;

-құрылыс-монтаж жұмыстары саласында – 3 жағдай, 3 адам зардап шекті;

Әрбір жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізіліп, оның себептері, жұмыс беруші мен қызметкердің кінәсінің дәрежесі анықталды. Тергеп-тексеру қорытындылары бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

Өндірістік жазатайым оқиғалардың негізгі себептері

Тергеп-тексеру материалдары жазатайым оқиғалардың туындауына қызметкерлердің жеке тәртіп бұзушылықтары ғана емес, сонымен қатар кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесінде қайталанып отыратын кемшіліктер де себеп болғанын көрсетті.

Жазатайым оқиғалардың себептерін талдау нәтижесінде жол жүрісі қағидаларын бұзуға байланысты жағдайларды қоспағанда, жазатайым оқиғалардың:100%-ы – жұмыстарды ұйымдастырудың қанағаттанарлықсыздығымен; 53%-ы – қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқытудағы кемшіліктермен; 15%-ы – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының бұзылуымен; 10%-ы – ақауы бар машиналарды пайдаланумен байланысты екені анықталды.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі болып табылатын жұмыстарды ұйымдастырудың қанағаттанарлықсыздығы мынадай кемшіліктерден көрініс табады: жұмыс процесін, оның ішінде қауіптілігі жоғары жұмыстарды басқарудың әлсіздігі; қызметкерлерді қауіпсіз еңбек тәсілдеріне жеткіліксіз оқыту; наряд-рұқсаттардың орындалуына тиісті бақылаудың болмауы; кәсіптік тәуекелдерді жеткіліксіз бағалау; қызметкерлердің қауіпсіз ұйымдастырылған тапсырманың шегінен шығатын әрекеттерді орындауына жол берілуі.

Дата публикации
08 октября 2026
Дата обновления
08 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
08 октября 2026
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өндірістік жарақаттану деңгейіне талдау
Ақпарат
08 октября 2026
Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жағдайына талдау
Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы