Меню

Страницы

Статья

Короновирус инфекциясының алдын алу бойынша шаралар қабылдау кезеңіндегі еңбек қатынастарының ерекшеліктері

Короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  төиенше жағдайды енгізу кезеңіне (2020 жылдың 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығында) барлық жұмыс берушілерге әлеуметтік жауапкершілік білдіріп жұмыскерлерді  қашықтан жұмыс істеуге көшіруді сұраймыз.

Технологиялық үрдістері немесе басқа да себептермен жұмыскерлерді қашықтан жұмыс істеуге  көшіруге мүмкіндігі жоқ ұйымдар жұмысты толық емес жұмыс уақыты режимінде  ұйымдастыру (күнделікті жұмыс уақыты ұзақтығын (жұмыс ауысымы) қысқарту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерін қысқарту).

Еңбек қызметін жүзеге асыру кезеңінде  жұмыскерлерді қорғанудың және алдын алудың барлық құралдарымен қамтамасыз ету керек, сонымен қатар, жұмыскерлер денсаулық сақтау органдарының ескертпелерін сақтауы тиіс.

Жұмыскерлер карантинде болған кезде оларға ақы төлеу

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысына сәйкес («Қазақстан Республикасында короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 2020 жылғы 12 наурыздағы № 19) барлық медициналық мекемелерде немесе үйде оқшауланғанына қарамастан, барлық карантинге алынған жұмыскерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі.

Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы төлеу Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес айына 15 АЕК-тен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

Қашықтан орындалатын жұмысқа ауысқан жағдайда еңбекақы төлеу

Тараптардың келісім бойынша және өндірістік процесс мүмкіндік берсе, карантин кезеңінде жұмыс беруші қашықтан орындалатын жұмыс белгілеуі мүмкін.

Кодекстің 138-бабына сәйкес қашықтан орындалатын жұмыс – бұл жұмыс беруші орналасқан жерден тыс, жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып еңбек процесін жүзеге асыру түрі.

Анықтама үшін: Жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация (байланыс) құралдарын береді және оларды орнату және қызмет көрсету шығынарын көтереді. Жұмыскер тұрақты негізде өз коммуникация құралдарын қолданған жағдайда жұмыс беруші өтемақы белгілейді, оның мөлшері мен төлену тәртібі жұмыскермен келісу бойынша айқындалады.

Тараптардың келісімі бойынша қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерге жұмыс беруші үшін жұмыстарды орындаумен байланысты өзге де шығыстары өтелуі мүмкін (электр энергия, су құны және т.б.).

Жұмысын қашықтықтан орындайтын жұмыскерлердің жұмыс уақыты тіркеледі, оны бақылау ерекшеліктері еңбек шартында анықталады.

Бұл ретте жұмыс жағдайлары, жұмыс уақытын есепке алу, шығыстар мен еңбекақы тараптардың келісімі бойынша жұмыс берушінің актісінде белгіленеді.

Осындай жағдайда жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген уақытына ақы төлейтінін атап өту қажет.

Толық емес жұмыс уақытына көші жағдайындағы ақы төлеу

Еңбек шартын жасасқан кезде, сондай-ақ еңбек қатынастары процесінде жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жазбаша келісім бойынша толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін.

  Осы Кодексте белгіленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның ішінде:

1)    толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту;

2)    толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту;

3)    күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын бір мезгілде азайту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту толық емес жұмыс уақыты болып есептеледі.

Бұл жағдайда жұмыскерге жұмыс берушінің жұмыс уақытын есепке алу бойынша құжаттарында жазылған нақты жұмыс істеген уақытына төленеді.

Анықтама ретінде: Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу жұмыскер үшін осы Кодексте, еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде белгіленген жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын, еңбек өтілін есептеуде және еңбек саласындағы басқа да құқықтарын шектеуге әкеп соқтырмайды.

Өндірісті тоқтата тұру кезінде жұмыскерлерге ақы төлеу

«Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы 285 Жарлығымен ірі сауда нысандарының жұмыс істеуі шектелген, сауда және ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көптеген адамдар жиналатын басқа да объектілердің қызметі тоқтатылған.

Жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытын ресімдеу тәртібі және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде (42 500 теңге) белгіленеді.

Алайда жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы тараптардың келісімі бойынша бос тұрып қалу төлемі ең төменгі жалақыдан жоғары болуы мүмкін.

Жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына қатысты

Жұмыскерлердің санын немесе штат санын қысқарту кезінде жұмыс беруші жұмыскерге, егер еңбек шартында, ұжымдық шартында неғұрлым ұзақ хабарлау мерзімі көзделмесе, кемінде бір ай бұрын еңбек шартының тоқтатылғандығы туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

Жұмыскердің жазбаша келісімімен хабарламаның мерзімі аяқталғанға дейін еңбек шарты бұзылуы мүмкін.

Жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты еңбек шарты тоқтатылған кезде, жұмыс беруші жұмыскерге жұмысынан айрылғаны үшін орташа айлық жалақы мөлшерінде өтемақы төлейді.

Ақылы еңбек демалысын беруге қатысты

«Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы 285 Жарлығымен ірі сауда нысандарының жұмыс істеуі шектелген, сауда және ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көптеген адамдар жиналатын басқа да объектілердің қызметі тоқтатылған.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 93-бабына сәйкес кезекті еңбек демалысын беру демалыс кестесіне сәйкес немесе тараптардың келісімі бойынша, кестеден тыс жағдайда жүзеге асырылады.

Осыған байланысты жұмыс берушілер балаларымен бірге тұруға мәжбүр болған ата-аналардың біріне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ұсынады.

Анықтама: Ағымдағы жағдайды ескере отырып, бұл құқықты бір уақытта көптеген жұмыскерлерге пайдалану қажет болуы мүмкін.

Бұл кадрлардың жетіспеушілігіне және жұмыс берушілер үшін қосымша шығындарға, соның ішінде мемлекеттік бюджеттен демалысты төлеуге, сондай-ақ уақытша жұмысшыларды жалдауға әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, жұмыскерлердің бұл құқығын теріс пайдаланбау үшін екінші ата-анасынан оның демалыста емес (барлық түрлері бойынша) және жұмыссыз емес екендігі туралы растайтын құжаттарды ұсыну қажет. карантин кезеңінде балалармен үйде отырғандығы, оның жұмыс еместігін білдіреді. Сондай-ақ, оны бала асырап алушылар мен қамқоршыларға да таралуын қарастыру қажет деп санаймыз.

Дата публикации
30 марта 2020
Дата обновления
01 апреля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
08 октября 2026
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өндірістік жарақаттану деңгейіне талдау
Ақпарат
08 октября 2026
Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жағдайына талдау
Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы