Меню

Страницы

Статья

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша

                                                              ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 Орал қ.                                                                                                                                    27 маусым 2025 жыл

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңының 8-бабы 5-тармағына, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы  № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (Бұдан әрі - Департамент) басшысының 2025 жылғы 16 маусымдағы №45 НҚ бұйрығы негізінде 2025 жылғы 16-27 маусым аралығында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

1.Талдаудын мақсаты мен міндеттері.

Талдау мақсаты – Департаментте сыбайлас жемқорлықпен күресу және жою.

Талдаудың міндеті – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою.

Талдау бағыттары:

1) Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Талдау кезінде қолданылатын ақпарат көздері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қағидаларының 15 тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге арналган ақпарат көздері:

1) талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер, ішкі құжаттар;

2) талдау объектісінің қызметі туралы ведомстволық статистикалық есептілік;

3) мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің талдау объектісінің қызметі туралы деректері;

4) талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері;

5) ішкі аудит қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;

7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

8) талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

9) талдау объектісінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін анықтау және жауапқа тарту туралы мәліметтер;

10) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген ішкі талдау нәтижелері;

11) талдау объектісінің қызметшілерін, жұмыскерлерін сұрастыру (сұхбат) нәтижелері;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында ұсынуға тыйым салынбаған өзге де мәліметтер болып табылады.

 1. НҚА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.

1.1. Еңбек қызметіне байланысты арнайы тергеп тексерулер жүргізу.

Салалық құқықтық актілер: 23.11.2015 жылғы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі (бұдан әрі – ҚР ЕК), 05.07.2014 жылғы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК).

ҚР ЕК сәйкес өндіріспен байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді жұмыстың ауырлығы туралы қорытындыны алғаннан кейін 24 сағат ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері құратын комиссия жүргізеді және мемлекеттік еңбек инспекторы комиссияның төрағасы болып табылады.

Егер өндіріске байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде зиянның туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғаны анықталса, онда комиссия тараптардың аралас жауапкершілігін қолданады және жұмыс беруші мен жұмыскердің кінәсінің дәрежесін пайызбен анықтайды.

Сонымен бірге, еңбек заңнамасымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен тараптардың кінәсі аралас болған жағдайда, жұмыскер мен жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін пайызбен анықтаудың нақты мәселесі реттемелмеген, яғни арнайы тергеп-тексеру комиссиясы аталған пайыздық көрсеткішті өз қалауы бойынша жүргізеді (арнайы тергеу барысында жиналған материалдар негізінде).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің құқықтық қайшылықтарымен байланысты өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының тараптардың кінәсінің пайызын жүйесіз қолдану мүмкіндігі.

Ұсынылды: өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру кезінде тараптардың кінәсінің пайызын есептеу механизмін енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныс хат жолдау.

        1.2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын мәжбүрлеу үшін материалдарды сот органдарына жіберу немесе жібермеу туралы өз бетінше шешім қабылдау.

        Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын мәжбүрлеу үшін материалдарды сот органдарына жіберу немесе жібермеу туралы өз бетінше шешім қабылдау. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде тиісті орындау мерзімі бар нұсқама беріледі.

        Нұсқама орындалмаған жағдайда лауазымды адам әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін материалдарды сот органдарына беруге міндетті. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқаманы мәжбүрлеп орындауы туралы сотқа жүгіну құқығы көзделмеген.

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Мемлекеттік еңбек инспекторлары нұсқамалар бере алатындықтан және орындалмаған жағдайда кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылады және болашақта нұсқамаларды орындамауды жалғастыра алады, өйткені мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан нұсқаманы орындауды мәжбүрлеу бойынша заңнамалық тұтқалар жоқ.

        Ұсынылды: ҚР Еңбек кодексінің 193-бабына «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда, ұйғарымның орындалуын мәжбүрлеу үшін сот орындаушыларына материалдар жіберу» деген тіркеспен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті хат жолдау ұсынылады.

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.

2.1. Персоналды басқару.

Салалық құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызметтің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы.

Кадр қозғалысы.

Кадрлық қамтамасыз ету – 15 мемлекеттік әкімшілік қызметші. Нақты саны – 13 әкімшілік мемлекеттік қызметші.

Қазіргі таңда 2 бос орын бар. Оның бір бос орнына конкурс жарияланып,  рәсімдері жүргізілуде, ал, екінші бос орны бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің құрылымына өзгерістер енгізілуіне байланысты, жарияланған жоқ.

Атап өту қажет, кадрлық қамтамасыз ету орталықтандырылған, яғни Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жүргізіледі.

Тәртіптік тәжірибе.

2024 жылдың 1 қыркүйектен бүгінгі күнге дейін 5 әкімшілік мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Олар:

1 – қатаң сөгіс, 1 – сөгіс, 3 – ескерту.

Мемлекеттік қызметшілерге алдағы уақытта тиісті заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі қатаң ескерту, үнемі бақылауда ұстау, сондай-ақ бұзушылықтарды алдын алу мақсатында уәкілетті органдар өкілдерін тарта отырып құқықтық оқытулар өткізуді жалғастыру ұсынылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2.2. Мүдделер қақтығысы.

Департамент қызметкерлері арасында ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстық байланыстары бар тұлғалар және ұсынылған ақпараттарды талдау барысында мүдделер қақтығысы, сондай-ақ тиесілілік фактілері және жақын туыстары (ата-анасы (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, толық және толық аға-інілері мен апалары, ата-әжелер, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынатын мемлекеттік лауазымдарды атқару фактілері анықталған жоқ. Барлық қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдады.

БАҚ-та қызметкерлерге қатысты теріс ақпарат жарияланған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2.3. Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

2.4. Процестерді цифрландыру. Құжат айналымы.

Салалық құқықтық актілер:  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 Қаулысы, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаманы, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Заңы.

Жалпы ақпарат: Талдау объектісі бойынша құжат айналымының нысаны электрондық. Барлық құжаттар Documentolog электронды құжат айналымы жүйесі арқылы жүргізіледі. Хаттарға жауаптар пошта арқылы да жолданады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2.5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Салалық құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ҚР ӘРПК).

Жалпы ақпарат: 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін жеке және заңды тұлғалардан 848 өтініш түсті. Жауаптар E-otinish платформасына және Қазақстан Республикасының ҚР ӘРПК көзделген талаптарға сәйкес беріледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды 15 мемлекеттік еңбек инспекторы жүргізуде.

Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдары бойынша 10 мың жұмысшыға  1 мемлекеттік еңбек инспекторы қолайлы деп саналса, біздің облыс бойынша  1 мемлекеттік еңбек инспекторына 15 759 жұмысшы келеді (облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша мекемелер мен кәсіпорындардағы қызметкерлер саны – 236 399 адамды құрайды).

Осы орайда, тексеру жүргізу, арнайы тергеп-тексеру, жұмыс берушілерді әкімшілік жауапқа тарту, нұсқаманы орындау бойынша қайта тексеру, профилактикалық бақылау, жұмыс берушінің қызметін декларациялау, азаматтар мен жұмыс берушілерді қабылдау және құжаттармен жұмыстанудағы мемлекеттік еңбек инспекторларының жүктемелерін ескере отырып, Департменттің штат санын кемінде 8 мемлекеттік еңбек инспекторына арттыру қажет.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Штат санының Халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстарына сәйкес келмеуі.

Ұсыныстар: Департамент штатын 23 мемлекеттік еңбек инспекторына дейін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныс хат жолдау.

  1. СОТ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ.

Соттардан келіп түскен хабарламалар бойынша Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары өз талаптарын білдірмей, үшінші тұлға ретінде қатысып, сот материалдары бойынша Пікірлер береді.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг деректері бойынша Талдау объектісінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотпен қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жоқ.

  1. БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Ағымдағы жылдың 23 сәуірі мен 5 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің БҚО бойынша департаментімен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы қыркүектен 2025 жылдың өткен кезеңіне дейінгі қызметінде тексерулерді тіркеу және есепке алу жөніндегі заңнама талаптарының сақталуына талдау мен тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында мемлекеттік еңбек инспекторларымен тексеру тағайындау және жүргізу шарттарын реттейтін заңнама талаптарының толық көлемде сақталмайтыны анықталды.

Тексеру нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта жол бермеу үшін прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Аталмыш акті Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің БҚО бойынша департаментінің жауапты мамандарымен талқыланып, бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік еңбек инспекторы тәртіптіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызметшілерге алдағы уақытта тиісті заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттілігін қатаң ескерту, үнемі бақылауда ұстау, сондай-ақ бұзушылықтарды алдын алу мақсатында уәкілетті органдар өкілдерін тарта отырып құқықтық оқытулар өткізуді жалғастыру ұсынылады.

  1. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ, ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ МӘЛІМЕТТЕРІ

  Талдау барысында талдау объектісінің уәкілетті тұлғаларынан, құқық қорғау органдарынан, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен немесе азаматтардан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпараттар түскен жоқ.

  1. БАҚ ЖӘНЕ БАСҚА АҚПАРАТ КӨЗІНЕ МОНИТОРИНГ

  БАҚ мониторингі деректері бойынша 2024 жылдың 1 қыркүйектен бүгінгі күнге дейін Департаменттің қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілері мен теріс материалдар туралы жарияланымдар болған жоқ. Әлеуметтік желілердің, блог платформалардың және басқа да интернет-ресурстардың ақпараттық талдауы да жоғарыда аталған хабарламаларды анықтаған жоқ.

  1. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

Талдау объектісінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылмайды.

Атап өту қажет, бұл қызмет орталықтандырылған, яғни Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жүргізіледі.

  1. АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ

Талдау объектісінде ақылы қызметтер жоқ.

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Талдау объектісінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жоқ.

ҚОРЫТЫНДЫ.

Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің келесі түрлері анықталды:

- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің құқықтық қайшылықтарымен байланысты өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының тараптардың кінәсінің пайызын жүйесіз қолдану мүмкіндігі;

- Мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан нұсқаманы орындауды мәжбүрлеу бойынша заңнамалық тұтқалардың жоқтығы;

- Мемлекеттік еңбек инспекторларының штат санының лимиті мен Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) ұсынымдары арасындағы айқын сәйкессіздік.

ҰСЫНЫСТАР:

Жоғарыда айтылғандардың негізінде біз мыналарды ұсынамыз:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiнiң туындауын жою мақсатында Департамент еңбек саласындағы уәкiлеттi органға тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге, жазатайым оқиғаларға байланысты жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру кезiнде тараптардың кiнәсiнiң пайызын есептеу тетiгiн енгiзу қажеттiгi туралы ұсыныс хат жолдау.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауын жою мақсатында ҚР Еңбек кодексінің 193-бабына «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда, ұйғарымның орындалуын мәжбүрлеу үшін сот орындаушыларына материалдар жіберу» деген тіркеспен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті ұсыныс хат жолдау.
  3. Халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстарына сәйкестендіру мақсатында Департамент штатын 23 мемлекеттік еңбек инспекторына дейін арттыру жөнінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныс хат жолдау.
  4. Департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалармен таныстыруды жалғастыру.
  5. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментері өкілдерін және тағы басқа уәкілетті, мүдделі органдар өкілдерін шақырту арқылы ұжымда түсіндіру жұмыстарын жүргізу жалғастыру.
  6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтаманы және оның нәтижелерін Департаменттің интернет ресурсында жариялау.

          

          Басшысының орынбасары                             А. Туйгинбетов

         Жұмыс тобының мүшелері:                           А. Батыров

                                                                                          М.Мырзаш

                                                                                           М. Сапарғалиев

                                                                                           Т. Асылбеков

                                                                                           Г. Рыскалиева                            

                                                                            

 

Дата публикации
30 июня 2025
Дата обновления
30 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
08 октября 2026
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өндірістік жарақаттану деңгейіне талдау
Ақпарат
08 октября 2026
Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жағдайына талдау
Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы