Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасына 2020 жылғы шілде айында жеке және заңды тұлғалардан 56 (жыл басынан бері 329) өтініш келіп түсті, оның ішінде 10 өтініш электрондық үкімет порталы арқылы келіп түскен.
Жеке тұлғалардан 53 өтініш түсті, оның ішінде ұжымдық – 7, заңды тұлғалардан – 3.
Өтініштермен – 52, шағыммен – 2, 1 ұсыныс және 1 сұрау жүгінген.
20 өтініш мемлекеттік тілде, 36 өтініш – орыс тілінде түсті. Өтініш берушілерге жауап қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берілген тілде жауап берілді.
Шілде айында 43 өтініштер қаралған, оларды қарау нәтижелері бойынша 23 – түсініктемелер берілді. Басқа немесе аумақтық тиістілігіне қарай мемлекеттік органдарға 16 өтініш жолданды.
Сұрақтардың сипаты бойынша: 33 (179) өтініш еңбекақы төлеу және әлеуметтік қамсыздандыруға мәселелеріне жатады (саясат, жалақы төлеу, жалақы бойынша берешек, жәрдемақы төлеу), 11 (70) – еңбек заңнамасын бұзу, 4 (26) өтініш жалпы еңбек және халықты жұмыспен қамту мәселелеріне жатады, 6 (29) еңбек қатынастары (жұмысқа қабылдау, еңбектік демалыс, еңбек тәртібі, лауазымдық міндеттерді уақытша атқару), 1 (20) – еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік жарақат алу, 1 (5) – жалпы мәселелер кадрлық қамтамасыз етудің біліктілігін арттыру бойынша.
Басқармаға жалпы 11 өтініш келіп түскен, оның ішінде: Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратынан және Бөрлі ауданы әкімінің аппаратынан – 2 өтініш, Орал қаласы және басқа аудандар прокуратураларынан – 7, мемлекеттік мекемелерден – 1 өтініш.
Талдау нәтижелері бойынша өтініштерді қарау мерзімдері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Барлық өтініштер уақтылы қаралып, азаматтар мен заңды тұлғалар өз өтініштеріне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауаптар алды.