2020 жылдың I жарты жылдығында Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы басқармасының «Азаматтардың өтініштері» базасына 273 азаматтардың өтініштері келіп түсті, оның ішінде 23 өтініш электрондық үкімет порталы арқылы келіп түскен, 7 азаматтың өкілдерін жеке қабылдау барысында ауызша түсінік берілді, қайта түскен - 2 өтініш.
Жеке тұлғалардан 256 өтініш түсті, оның ішінде ұжымдық – 39, заңды тұлғалардан 17 өтініш.
Өтініштермен – 247, шағыммен – 16, ұсыныс – 8 және сұрау – 2 азамат жүгінген.
100 азаматтардың өтініштері мемлекеттік тілде түсті, ең көп өтініштер саны – 173 өтініш орыс тілінде. Өтініш берушілерге жауап қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берілген тілде жауап қайтарылды.
Алты айы ішінде 254 өтініштер қаралып, оларды қарау нәтижелері бойынша 5 өтініш қанағаттандырылды, 171 – түсініктемелер берілді, 16 өтініш тоқтатылды. Тиісті мекемелерге 62 өтініш жолданды.
Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің талдауы олардың көп бөлігі мынадай мәселелерді қозғайтынын көрсетті: 146 азаматтардың өтініш еңбекақы төлеу мәселелеріне (саясат, жалақы төлеу, жалақы бойынша берешек) және әлеуметтік қамсыздандыруға жатады, 59 – еңбек заңнамасын бұзу, 20 өтініш жалпы еңбек және халықты жұмыспен қамту мәселелеріне жатады, 21 еңбек қатынастары (жұмысқа қабылдау, еңбектік демалыс, еңбек тәртібі, лауазымдық міндеттерді уақытша атқару), 19 – еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік жарақат алу, 8 – жалпы мәселелер кадрлық қамтамасыз етудің біліктілігін арттыру бойынша.
Басқармаға өзге мекемелерден жалпы 87 өтініш жолданған, оның ішінде: Батыс Қазақстан облысы әкімі, аудандар және Орал қаласы әкімі аппаратынан – 13 өтініш, облыс прокуратурасы, Орал қалалық және аудандар прокуратурасынан – 43, басқа облыстардың еңбек инспекцияларынан – 17 өтініш, мемлекеттік мекемелерден – 14 өтініш.
Басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі өтініштерді қарау мерзімдеріне тұрақты негізде бақылау жүргізеді. Өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуы жоқ екендігін атап өтеміз. Барлық өтініштер уақтылы қаралып, азаматтар мен заңды тұлғалар өз өтініштеріне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауаптар алды.
Азаматтардың тұрақты түрде көтеретін мәселелерін, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Үкіметінен азаматтардың өтініштері бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі облыс әкімінің бекітілген кешенді жоспарда тиісті іс-шараларды орындау бойынша облысы әкімі аппаратына ақпарат жолдап тұрады.
Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы.
Мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау, коммуналдық қызмет және тағы басқа ұйымдар басшыларының қатысуымен «Ашық есік» күнінде ақпан айында басқарма басшысы және басқарма басшысының орынбасары қатысты.
Өтініштер бойынша құқықтық түсіндіру жұмысы мақсатында Басқарманың ресми интернет-ресурсында «Басшысының блогы» бөлімі жұмыс істейді. Ағымдағы I жарты жылдығында еңбек қатынастары мәселелері бойынша Басшысының блогына 6 өтініш келіп түсті, олар бойынша тиісті жауаптар берілді. Сондай-ақ, басқарма ресми сайтта халықтың өзекті сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік беретін халық үшін сұрақтардың санаттары құрылған. «Ашық диалог» интернет-порталында интернет-конференциялар өткізу бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғастырылды. Сонымен қатар, ЭҚАБЖ ілеспе хаттары арқылы ұйымдарға еңбек заңнамасының әр түрлі мәселелері бойынша 45 түсініктеме берілді. Күн сайын мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмыс телефондарына еңбек заңнамасын іске асырудың түрлі мәселелері бойынша ауызша азаматтардан сұрақтар келіп түседі, олар бойынша басқарма қызметкерлері ауызша түсініктемелер беріп отырады.