Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасына 2020 жылғы сәуір айында жеке және заңды тұлғалардан 24 (жыл басынан бері 165) өтініш келіп түсті, оның ішінде 6 өтініш электрондық үкімет порталы арқылы келіп түскен.
Жеке тұлғалардан 17 (154) өтініш түсті, оның ішінде ұжымдық – 1, заңды тұлғалардан - 6 (11).
Өтініштермен – 20, шағыммен – 2, сұрау - 1 және ұсыныс – 1 жүгінген.
9 өтініш мемлекеттік тілде, 9 өтініш – орыс тілінде түсті. Өтініш берушілерге жауап қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берілген тілде жауап берілді.
Жүгінген 24 заңды және жеке тұлғалардың ішінде: азаматтар – 17 оның ішінде 1 ұжым, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдар – 6.
Сәуір айында 21 өтініштер қаралған, оларды қарау нәтижелері бойынша 17 – түсініктемелер берілді шағын бизнеске, оның ішінде шағын кәсіпорындарға бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау және тексеруді тоқтату туралы мораторийға байланысты және елде Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты түсініктемелер берілді. Басқа немесе аумақтық тиістілігіне қарай мемлекеттік органдарға 4 (33) өтініш жолданды.
Сұрақтардың сипаты бойынша: 8 (76) өтініш еңбекақы төлеу мәселелеріне жатады (саясат, жалақы төлеу, жалақы бойынша берешек), 8 (41) – еңбек заңнамасын бұзу, 3 (9) өтініш жалпы еңбек және халықты жұмыспен қамту мәселелеріне жатады, 2 (15) еңбек қатынастары (жұмысқа қабылдау, еңбектік демалыс, еңбек тәртібі, лауазымдық міндеттерді уақытша атқару), 2 (12) – еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік жарақат алу, 1 (3) – жалпы мәселелер кадрлық қамтамасыз етудің біліктілігін арттыру бойынша.
Басқармаға жалпы 13 өтініш келіп түскен, оның ішінде: Батыс Қазақстан облысы әкімі және Бөрлі әкімі аппаратынан – 2 өтініш, Орал қаласы және басқа аудандар прокуратураларынан – 7, еңбек инспекциясы бойынша басқа облыстардан – 3 өтініш, мемлекеттік мекемелерден – 1 өтініш.
Талдау нәтижелері бойынша өтініштерді қарау мерзімдері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Барлық өтініштер уақтылы қаралып, азаматтар мен заңды тұлғалар өз өтініштеріне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауаптар алды.