Азаматтарға арналған жадынама
Атап өту қажет, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығымен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын бизнеске, оның ішінде шағын кәсіпорындарға бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау және тексеруді тоқтату туралы шешім қабылданған (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді).
Бұл мораторий мемлекеттік еңбек инспекциясымен қызметкерлердің өтініштеріне қатысты жүргізетін тексерулерінеде қатысты қолданылатындығын (жоспардан тыс тексерулер) атап өткен жөн.
Осыған орай, егерде жұмыс беруші шағын бизнеске, оның ішінде шағын кәсіпорындарға жатқызылса, сол жұмыс берушіге қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізу мүмкін емес.
Алайда, азаматтар еңбек құқықтарын қорғау үшін, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгінуге құқылы.