Короновирус пандемиясына байланысты шектеу шаралары кезіндегі азаматтарға арналған жадынама

Азаматтарға арналған жадынама 

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында карантиндік-шектеу шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс берушілердің жұмыс режимінде өзгерістер болған жағдайда, жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің алдында әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, еңбек заңнамасының қатаң сақталуын қамтамасыз етуге міндетті: 

Біріншіден, тараптардың келісімі бойынша және өндірістік процесс мүмкіндік берсе, карантиндік-шектеу шараларының кезеңінде жұмыс беруші қашықтықтан орындалатын жұмыс белгілеуі мүмкін.

Қашықтықтан жұмыс кезіндегі жұмыс тәртібі мен жұмыс уақытын есептеу ҚР Еңбек кодексінің 138-бабымен реттеледі.

Бұл жағдайда жалақы әдеттегі жұмыстағыдай төленуі қажет.Жұмыс уақытын есепке алу жұмыс берушінің актісімен реттеледі.Яғни, жалақы толық көлемде төленуі тиіс.Осы кезде ҚР Еңбек кодексі жұмыс берушіні қашықтықтан жұмыс істеуге белгілі бір жағдайлар жасауға міндеттейді. Екіншіден, егер де қашықтықтан жұмыс істеу мүмкін болмаса және бүгінде шектеу және карантиндік шаралардың талаптары жұмыс көлемінің төмендеуіне алып келсе, осы орайда жұмыс беруші ҚР Еңбек кодексінің 70-бабына сәйкес толық емес жұмыс уақытын енгізуге құқылы.Яғни, жұмыс беруші өз бұйрығымен жұмыс аптасын қысқартуға немесе күніне қысқартылған сағатын енгізе алады.Бұл ретте, қызметкерлерге жалақы жұмыс істеген сағаттарға төленеді және төленуі тиіс.Яғни, егер жұмыс беруші бес күндік жұмыс аптасын үш күнге қысқартса, онда жалақы осы аптадағы үш күнге төленуі қажет.Егер де, жұмыс күнінің сегіз сағаттан төрт сағатқа дейін қысқартса, онда жалақы жұмыс істеген уақыттың төрт сағатына сәйкес төленеді. Үшіншіден, егер толық емес жұмыс уақытын орнатуға мүмкіндік болмаса, бұл өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болатын кәсіпорындарға қатысты, осы кезде ҚР Еңбек кодексінің 112-бабын басшылыққа ала отырып, ол бос тұрып қалу  уақыты деп саналады.ҚР Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне жалақыны елде белгіленген ең төменгі жалақыдан төмен емес мөлшерде төлеуге міндеттелген.Бүгінгі таңда ең төменгі жалақының мөлшері 42,5 мың теңгені құрайды.Егер қызметкердің еңбек шартында немесе ұжымдық шартта бос тұрып  қалу уақытында еңбек ақысы басқа мөлшерде төленетін болса ол еңбек немесе ұжымдық шартта көрсетілген мөлшерде төленеді, яғни  ол ең төменгі жалақыдан немесе 42,5 мың теңгеден төмен болмауы керек.

Төртінші, ең соңғы шара, әрине, мұндай жағдайларда жұмыс беруші штат санын қысқартуы мүмкін.

Бұл жағдайда, Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкерге еңбек шартын бұзу туралы кемінде бір ай бұрын жазбаша түрде хабарлауға және Еңбек кодексінің 131-бабына сәйкес жұмысынан айрылуына байланысты қызметкердің орташа айлық жалақысы мөлшерінде өтемақы төлеуге міндетті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 28-бабына сәйкес, жұмыс беруші алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан босайтыны туралы, жұмыстан босату басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы толық көлемде беруге міндетті.

Сонымен қатар, 2020 жылдың басынан бастап «Әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер енгізілгенін атап өту қажет, яғни, егер бүгінгі таңда жұмыс істейтін адам жұмыссыз болса, жұмыстан босатудың себептеріне қарамастан, алты ай ішінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айрылғаны үшін әлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы.Әлеуметтік төлемдердің мөлшері жұмысынан айрылу салдарынан жоғалтқан жалақының 40% құрайды.

Ол үшін жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу жеткілікті.

Оған қашықтықтан тіркелуге болады, ал проактивті форматта тіркелгеннен кейін қызметкердің қатысуынсыз әлеуметтік төлем тағайындалады, оны 6 ай ала алады.

 

Егер жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін «42 500 теңге» алуға өтініш беруден бас тартса не істеуге болады?

Ағымдағы жылдың шілдесінде шектеу шаралары енгізілуіне байланысты кірісі жоғалған жағдайда немесе еңбек ақы төленбейтін демалыстағы жұмыскерлерге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем   42 500 теңге мөлшерінде тағайындау туралы өтінішті жұмыс беруші ұсынады («Шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айрылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 283 бұйрығына сәйкес).Егер жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген төлемді жүзеге асыру Қағидалардың талаптарын сақтамаған жағдайда, қызметкер жергілікті еңбек инспекциясына жүгінуге құқылы.

Сондықтан, жұмысшы Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасына (Орал қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 188) жазбаша түрде шағымдануы қажет. Аталмыш арыз-шағымның негізінде жұмыс берушіге қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылданатын болады.

Короновирус пандемиясына байланысты шектеу шаралары кезіндегі азаматтарға арналған жадынама
Дата публикации
22 сентября 2020