Жеке және заңды тұлғалардың 2023 жылғы 9 айына келіп түскен өтініштеріне шолу
Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасына 2023 жылғы ІІІ тоқсанда жеке және заңды тұлғалардан 934 өтініш (1068 – 2022 жыл) келіп түсті, электрондық үкімет порталынан келіп түскен өтініштер саны өсті – 60 өтініш (638 – 2022 жыл 3-ші тоқсан), 21 жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау барысында ауызша түсінік берілді.
Олардың басым бөлігі – 895 жеке тұлғалардың өтініштері (1011 – 2022 жыл 3-ші тоқсан), оның ішінде 39 (57) заңды тұлғалардың өтініштері.
Өтінішпен – 586 (627 – 2022 жыл 3-ші тоқсан), шағыммен – 26 (25) және басқалар – 198 (62) адам жүгінген.
Сипаты бойынша: 242 (247 – 2022 жыл 3-ші тоқсан) азаматтардың өтініш еңбекақы төлеу мәселелеріне (саясат, жалақы төлеу, жалақы бойынша берешек), 181 (154) еңбек қатынастары (жұмысқа қабылдау, еңбектік демалыс, еңбек тәртібі, лауазымдық міндеттерді уақытша атқару), 5 (6) өтініш – еңбек және халықты жұмыспен қамту, 56 (85) – өндірістік жарақаттану, 4 (2) – басқа да мәселелерге жатады.
Өтініштер бойынша құқықтық түсіндіру жұмысы мақсатында Басқарманың ресми интернет-ресурсында «Басшысының блогы» бөлімі жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 9 айда еңбек қатынастары мәселелері бойынша Басшысының блогына 8 өтініш келіп түсті, олар бойынша тиісті жауаптар берілді. Сондай-ақ, басқарма ресми сайтта халықтың өзекті сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік беретін сұрақтар санатын құрды. «Ашық диалог» интернет-порталында тұрақты негізде интернет-конференциялар өткізу бойынша жұмыстар жалғастырылды. Сонымен қатар, ОДО ілеспе хаттары арқылы ұйымдарға еңбек заңнамасының әр түрлі мәселелері бойынша 162 түсініктеме берілді.
Күн сайын мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмыс телефондарына Жеке және заңды тұлғалардан еңбек заңнамасын іске асырудың түрлі мәселелері бойынша ауызша өтініштер келіп түседі, олар бойынша басқарма қызметкерлері ауызша түсініктемелер беріледі. Барлық өтініштер уақтылы қаралып, азаматтар мен заңды тұлғалар өз өтініштеріне «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауаптар алды.