2022 жылы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырудың қорытындылары туралы

 

2022 жылы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырудың қорытындылары туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қаржы, қадр және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі 2022 жылы Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасына келіп түскен өтініштерге (бұдан әрі – Басқарма) талдау жасады.

Есептік кезеңде барлығы 1068 өтініш түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінде (2021 ж. – 773)  келіп түскен өтініштер деңгейі 72,4%  пайызға көтерілді.

Олардың басым бөлігі 1011 жеке тұлғалардың өтініштеріне (717 -2021 жыл), 57 (56) заңды тұлғалардың өтініштеріне және «Электрондық үкімет» порталы арқылы 717 (2021 ж. – 255) өтініштеріне тиесілі. Бұл ретте, «Электрондық үкімет» порталы арқылы келіп түскен өтініштер  саны өсті, бұл халықтың цифрлық сауаттылығының өскенін айғақтайды. Жеке қабылдау барысында ауызша түсініктемелер берілді – 11 (2021 ж. - 16).

Өтініштердің түрлері бойынша барлығы: өтінішпен – 854 (313 – 2021 жыл), шағыммен – 34 (17) және басқалар - 137 (33) адам жүгінген.

Халықты толғандыратын өзекті мәселелер болып қалуда, өтініштердің негізгі бөлігі мыналарға тиесілі:

  • азаматтардың өтініш еңбекақы төлеу мәселелеріне кәсіпорындар бойынша (саясат, жалақы төлеу, жалақы бойынша берешек) - 72 (55 – 2021 жыл), қызметкерлер бойынша - 813(296);
  • еңбек қатынастары (жұмысқа қабылдау, еңбектік демалыс, еңбек тәртібі, лауазымдық міндеттерді уақытша атқару) және еңбек және халықты жұмыспен қамту -  154 (137);
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік жарақаттану бойынша – 85 (74).

 

Мемлекеттік органдарда азаматтарды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Есепті кезеңде басқарма басшылығы қабылдаған азаматтар санының 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда едәуір азайғаны байқалады. 2022 жылы 11 азамат қабылданды (16-2021 ж.).

Басқа қаладан келген келушілерге субъектілердің басшылары қолданыстағы кестеге қарамастан, оларды өтініш берген күні қабылдау үшін толық мүмкіндіктер жасайды. Тұрғындармен байланыс жасау және өзара іс-қимыл жасау мақсатында Басқарма басшылармен Бөрлі және Сырым аудандарында еңбек заңнамасын түсіндірумен кездесулер өткізілді. Жыл сайын «Азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні» Жалпыреспубликалық іс-шара өткізіледі, оның барысында басқарма басшылығы қатысты.

Өтініштер бойынша құқықтық түсіндіру жұмысы мақсатында Басқарманың ресми интернет-ресурсында «Басшысының блогы» бөлімі жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың IV тоқсанда еңбек қатынастары мәселелері бойынша Басшысының  блогына 48 өтініш келіп түсті, олар бойынша тиісті жауаптар берілді. Сондай-ақ, басқарма ресми сайтта халықтың өзекті сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік беретін сұрақтар санатын құрды. «Ашық диалог» интернет-порталында тұрақты негізде интернет-конференциялар өткізу бойынша жұмыстар жалғастырылды. Сонымен қатар, ОДО ілеспе хаттары арқылы ұйымдарға еңбек заңнамасының әр түрлі мәселелері бойынша 116 түсініктеме берілді.

Тұрғындармен байланыс жасау және өзара іс-қимыл жасау  мақсатында Басқарма қызметкерлерімен Бөрлі және Теректі, Сырым мен Бөкейорда аудандарында және Байтерек ауданы, Казталов, Тасқала аудандарында еңбек заңнамасын түсіндірумен кездесулер өткізілді. Күн сайын мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмыс телефондарына  Жеке және заңды тұлғалардан еңбек заңнамасын іске асырудың түрлі мәселелері бойынша ауызша өтініштер келіп түседі, олар бойынша басқарма қызметкерлері ауызша түсініктемелер беріледі.

Төтенше жағдай кезеңінде осы уақытқа дейін еңбек қызметін жүзеге асыру кезеңінде - басқарма қызметкерлері қажетті қорғанудың және алдын алудың барлық құралдарымен қамтамасыз етілді, сонымен қатар денсаулық сақтау органдарының ұсынымдары сақталды.

Талдау нәтижелері бойынша өтініштерді қарау мерзімдері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Барлық өтініштер уақтылы қаралып, азаматтар мен заңды тұлғалар өз өтініштеріне «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауаптар алды.

 

Дата публикации
26 октября 2023