Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдымалық анықтама

 

 

 

«Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы»мемлекеттік мекемесінде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

 

29 маусым 2023 жыл                                                  Орал қаласы

 

Талданатын объект: «Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма).

Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының  басшысы А.Досжановтың 18.05.2023 жылғы № 44-НҚ бұйрығы  негізінде Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:

  1. Туйгинбетов А.У. – Басқарма басшысының орынбасары;
  2. Темиргалиев С.Б.- еңбек қатынастарын бақылау бөлімі басшысының м.а.;
  3. Лукпанов А.Т. –еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімі басшысы;
  4. Ерзаков Ж.К. – Қаржы, кадр және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі басшысы;
  5. Батыров А.Ж. –Еңбек саласындағы бақылау және талдау бөлімі басшысы;
  6. Рыскалиева Г.С. - Қаржы, кадр және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бас маманы.

Талданатын кезең: 01.07.2022 - 26.06.2023 ж.ж.

Талдау жүргізу кезеңі: 26  мамыр - 26 маусым 2023 жыл.

 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілер саны - 15, нақты саны -15.

2023 жылдың 31 мамыр айындағы жағдай бойынша бос вакансиялар жоқ.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілер саны - 1.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 наурызынан бастап еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы лауазымына жалпы конкурс негізінде 1 қызметкер тағайындалды.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2022 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.

Басқарманың барлық қызметкерлері ҚР  Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан лауазымдар тізбесіне Басқарманың қаржы саласы, еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторлары   кіргізілді. 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Басқарманың құзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету кірмейді.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес Басқармада рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Талдау мерзімінде жұргізілген тексерістер саны - 122, берілген нұсқамалар саны-104, толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар саны - 113.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң бабында көзделген шекте осы Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылады.

Кодекстің 87-бабының 2-тармағына сәйкес, жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеу, сол сияқты жұмыс берушінің кінәсінан төлемді кешіктірген кезеңі үшін өсімпұлды есептемеу және төлемеу фактісі бойынша iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.     

Алайда, Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы «Батыс су арнасы» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттама толтыру кезінде 318 000 теңге айыппұл салынған, ал 2022 жылғы жағдай бойынша 200 айлық есептiк көрсеткiш 306 300 теңгені құрайды.

Сөйтіп, Басқарма қызметкері «Батыс су арнасы» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру барысында айыппұл мөлшерін негізсіз көтеріп, соңғының құқығы мен заңды мүддесін іске асыруда кедергі келтіру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берген.

Ұсыным: жауапты қызметкерлерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту ұйымдастыру.

ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабында «тексерулерді ұйымдастыру тәртібі» көрсетілген.

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді және (немесе) арнайы тергеп-тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша комиссия Қазакстан Республикасы Денсаулық сақтау жане әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығының 2,                  3-қосымшаларымен бекітілген еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісін және (немесе) арнайы тергеп-тексеру актісін жасайды (бұдан әpi - бұйрыққа қосымшалар).

Бұйрыққа қосымшаның 5-тармағына сәйкес, жоғарыда көрсетілген актілерде жазатайым оқиғаның себептерін жою үшін ic-шаралар мен мерзімдер көрсетіледі.

Кейбір жағдайларда жауапты адамдар өткізілген ic-шаралар туралы ақпарат бермейді.

Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек инспекторларының өткізілген ic-шаралар бойынша берілген ақпараттың дұрыстығын тексеруге заңды құқығы жоқ.

Бұл жағдайда жазатайым оқиғаны арнайы тергеу барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша дұрыс емес деректерді ұсынумен немесе олардың болмауымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындайды, ал мемлекеттік еңбек инспекторында колданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымда жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз жоқ, бұл өз кезегінде жалпы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға әсер етеді.

Ұсыным: ҚР Еңбек жане халықты әлеуметтік қорғау министірлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінеҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 5-тармағына келесі редакцияда өзгеріс енгізу  қажеттігі туралы хат жолдау:

Бақылау және қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тексерудің негіздеріне еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актсінде және еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісінде белгіленген іс-шаралардың орындалуын бақылауды жатқызу.

ҚР Еңбек Кодексінің 154-бабындаәлеуметтік әріптестіккелісімдерінің колданылуы, олардың орындалуын бакылау жане тараптардың жауапкершілігі көрсетілген.

ҚР Еңбек кодексінің 154-бабының 6-тармағына сәйкес, келісімдердің орындалуын бақылауды әлеуметтік әріптестік тараптары жүзеге асырады (тиісті аткарушы органдар атынан мемлекет, белгіленген тараппен әлеуметтік берілген олардың өкілдері атынан қызметкерлер мен жұмыс берушілер әлеуметтік әріптестік тараптары болып табылады).

Жергілікті еңбек инспекциясы органы әлеуметтік серіктестіктің тарабы болып табылмайды.

Ал еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парақтарында және               ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 97-бабында мемлекеттік еңбек инспекторлары Келісім нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы деген нормалар бар.

ҚР Еңбек кодексінің 154-бабы 6-тармағының қолданыстағы редакциясы толық болып табылмайды, осыған байланысты жумыс берушілер осы нормаға сілтеме жасай отырып, мемлекеттік еңбек инспекторларына облыстық және салалық келісімдердің нормаларын сақтау бойынша тексеру жүргізуге кедергі келтіретін жағдайлар туындайды.

Осыған байланысты, жұмыс берушілер мен мемлекеттік еңбек инспекторлары арасында келіспеушіліктер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғуы мұмкін, сондай-ақ осы норма мен мемлекеттік еңбек инспекторларының Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеті арасында келіспеушіліктер болмауы үшін осы тармаққа түзету енгізу қажет.

Ұсыным: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне   ҚР Еңбек кодексінің 154-бабының 6-тармағына келесі редакцияда өзгеріс енгізу қажеттігі туралы хат жолдау:

Келісімдердің орындалуын бақылауды әлеуметтік әріптестік тараптары, сондай-ақ еңбек заңнамасы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Басқарманың 2023 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 111 918,0 мың (2022ж. – 110976,0 мың ) теңге қарастырылды, игерілгені 96 %  (100%) құрады.

 Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысулардың сәйкестігі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі-Қағидалар) 2-тарауының 15-тармағына сәйкес,  мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 36-бабын бұза отырып, Басқарманың дербес шоттарында мемлекеттік кірістер органдарында салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша артық төлемдердің елеулі сомалары бар екені анықталды.

Бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы, сондай-ақ 31.12.2021 жылғы жағдай бойынша әлеуметтік төлемдер бойынша дербес шоттан үзінді көшірмеге сәйкес, 01.01.2022 жылға артық төлем 28,4 мың теңгені құрағаны анықталды (оның ішінде төлем көзіндегі ЖТС бойынша 1,4 мың теңге, әлеуметтік салық бойынша 26,9 мың теңге, 4-тоқсанның есептеулерін ескере отырып 2021 жыл), МӘМС бойынша бересі-0,5 мың теңге.

Бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы, сондай-ақ 31.12.2022 жылғы жағдай бойынша әлеуметтік төлемдер бойынша дербес шоттан үзінді көшірмеге сәйкес 01.01.2023 жылға артық төлем 33,5 мың теңгені (оның ішінде 2022 жылғы 4-тоқсандағы есептеулерді ескере отырып, 33,5 салық бойынша), МЗЖ бойынша 1,3 мың теңге сомасында берешек құрағаны анықталды.

Осы фактілер салықтарды есептеу және аудару кезінде және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 36-бабы нормаларының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы нормаларының  бұзылғандығын көрсетеді.

Ұсыным: Салықтарды артық төлеу сомасы алдағы уақытта төлемдерді есепке жатқызу жолымен сәйкес келтіруге не мекеменің есеп айырысу шотына қайтару, ал басқа міндетті төлемдер бойынша ұстап қалу жүзеге асырылған тұлғалар бөлігінде реттеу үшін алу.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасымен 2022 жылдың 1 шілде- 2023 жылдың 26 маусымына аралығында бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жалпы сомасы 23382,5 мың.тенгеге 63 келісім шарт жасалды, оның ішінде:

- баға ұсынысы арқылы: 37 келісім шарт 15488,3 мың.тенгеге;

- өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден - 13 келісім шарт 2112,1 мың.тенгеге;

- тікелей қорытынды арқылы бір көзден - 11 келісім шарт 4946,5 мың.тенгеге;

- конкурстың екінші кезеңі негіздемелік келісімді пайдалана отырып - 2 келісім шарт 835,6 мың.тенгеге;

Талдау барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының талаптарын бұзу анықталған жоқ.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының әкімшілік хаттаманы электронды түрде тіркеуі мақсатында Басқармаға  5 электронды планшет және 5 термопринтер сатып алынған.

Аталған планшеттерді іске қосу мақсатында планшеттерге арналған байланыс қызметтерін сатып алуға қосымша қаражат бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаздардың анықталмауына байланысты, планшеттерді пайдалану мүмкін болмай отыр.

Планшеттерді пайдаланбау бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкелу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беру мүмкін.       Ұсыным: Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, планшеттерге байланыс қызметтерін сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізілсін.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талданып отырған кезеңде Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан  2022 жылдың екінші жартыжылдығында барлығы 635 және 2023 жылдың      1 қаңтар - 31 сәуір аралығында 329, барлығы 964 өтініш келіп түскен.

Соның ішінде 2022 жылдың екінші жартыжылдығында жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 597, заңды тұлғалардан - 38.

2023 жылдың 1 қаңтар - 31 сәуір аралығында жеке тұлғалардан- 315, заңды тұлғалардан – 14 өтініш келіп түскен.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес, шағымды әкімшілік тәртіппен (сотқа дейінгі) қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам жүргізеді.

Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам болмаған жағдайда, әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) сотқа шағым жасалуы мүмкін.

          Алайда, Басқарма өтініш иелеріне берген жауаптарында осы Кодекстің талаптарын сақтамай, шағымды әкімшілік тәртіппен (сотқа дейінгі) қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам немесе сотқа шағым жасау құқықтары түсіндірілмеген.

          Жеке және заңды тұлғаларға заңнамада көрсетілген құқықтарымен түсіндірмеу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда кедергі келтіру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алуы мүмкін.

          ҰСЫНЫМ: азаматтардың өтініштерін қарайтын жауапты мамандарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша құзыретті органдардың қатысуымен оқыту ұйымдастыру.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Талдау нәтижесі қаржы, әкімшілік өндіріс жүргізу және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілгендігін көрсетті. 

Көрсетілген тәуекелдер жауапты мамандардың кәсіби біліктіліктерінің жеткіліксіз болуынан орын алып отыр. 

 

 

Басқарма басшысының м.а.                           А. Туйгинбетов

 

Жұмыс тобы мүшелері:                                   А. Туйгинбетов  

 

                                                                             Т. Асылбеков    

 

                                                                             Д. Қалел   

 

                                                                               А.Лукпанов

 

Ж. Ерзаков

                                                                                                                      Г.Рыскалиева

Дата публикации
01 июля 2023