Приказ о проведении внутреннего анализа коррупционных рисков

Батыс Қазақстан облысының

еңбек инспекциясы бойынша  басқармасында

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

  1. Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының барлық бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылсын.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде қамтылатын кезең 01 шілде 2022 жыл – 26 маусым 2023 жыл аралығы болып белгіленсін.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 26 мамыр - 26 маусым 2023 жыл.
  5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты болып қаржы, кадр және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Г. Рыскалиева белгіленсін.
  6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

                       

 

 

А. Досжанов

приказ
Дата публикации
18 мая 2023