Батыс Қазақстан облысының
еңбек инспекциясы бойынша басқармасында
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
- Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының барлық бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде қамтылатын кезең 01 шілде 2022 жыл – 26 маусым 2023 жыл аралығы болып белгіленсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 26 мамыр - 26 маусым 2023 жыл.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты болып қаржы, кадр және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Г. Рыскалиева белгіленсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
А. Досжанов