«Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
31 тамыз 2022 жыл Орал қаласы
Талданатын объект: «Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі - Басқарма).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы басшысы А.Т. Досжановтың 01.08.2022 жылғы № 94-НҚ бұйрығы негізінде өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
3.Ерзаков Ж.К. – Қаржы, кадр және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 1-30 тамыз 2022 жыл.
Талданатын кезең: 01.01.2021-01.07.2022 ж.ж.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.
Басқарма 4 бөлімнен тұрады: еңбек қатынастарын бақылау бөлімі, еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімі, еңбек саласындағы талдау және бақылау бөлімі және қаржы, кадр және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдері.
Басқармаға бағынысты мекемелер жоқ.
І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1.1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, барлық өндіріс орындары аттестациялаудан өтуі қажет.
Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 94-бабына сәйкес, жұмыс берушінің ҚР еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы – ескерту жасауға немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады деп көрсетілген.
Бұл жерде инспектор өз қалауы бойынша ескерту немесе айыппұл салуы мүмкін. Яғни, нақты қандай жағдайларда ескерту берілетіндігі туралы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көрсетілмеген.
Ұсыным: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 94-бабына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс хат жолдау.
1.2. Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 97-бабы бойынша:
97 - баптың 3-тармағына сәйкес, ұжымдық шарт, келiсiм бойынша міндеттемені орындамау немесе бұзу – ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады,
97- баптың 4-тармағына сәйкес, ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты бермеу – ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады деп көрсетілген.
Бұл жерде, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi тұлға және ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi тұлғалар деп нақты кім айқындалатыны көрсетілмеген, яғни бұл жерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындайды.
Ұсыным: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 97-бабының 3,4-тармақтарына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жолдау.
Талдау жүргізу барысында Басқарманың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілер саны – 15, нақты саны - 15.
2022 жылдың 16 тамыздағы жағдай бойынша бос вакансиялар жоқ.
Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілер саны – 1 (таза ауысушылық - 1) болып, таза ауысушылық қызметкерлердің жалпы санының 5,8 % -ын құрады.
Талдау кезеңінде басқарманың 2 қызметкері ауысу тәртібімен тағайындалды (1-бас маманнан бас маманға, 1- бас маманнан бөлім басшысы лауазымына).
Ауысу тәртібімен орналасу Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген ережесіне сәйкес жүргізілді.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.
Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2021 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.
Басқарманың барлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Басқарманың құзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету кірмейді.
Ережеге сәйкес Басқармада рұқсат беру функциялары жоқ.
VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
7.1. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 195-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген бұзушылықтарға байланысты мемлекеттік еңбек инспекторлары ұйғарым шығарады.
Бұл ретте ұйғарымды орындау мерзімі, яғни мерзімі (максималды/минималды) заңмен нақты белгіленбеген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі, егер нұсқамада ең төменгі мерзім көрсетілген болса, онда олар тексеру субъектісіне қысым көрсетілуі мүмкін, ал егер максималды көрсетілген болса, онда тексеру субъектісіне артықшылық беріледі деп болжауға болады.
Ұсыным: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне мемлекеттік еңбек инспекторлары шығаратын ұйғарымның орындалу мерзімін нақты көрсету туралы өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хат жолдау.
7.2. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның құзыретіне Еңбек Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жатады.
Еңбек Кодексінің 190-бабының 2-тармағына сәйкес, егер еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия өрескел абайсыздық зиянның туындауына немесе оның ұлғаюына себеп болғандығын анықтаса, онда комиссия тараптардың сабақтас жауаптылығын қолданады және жұмыскер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесін пайызбен айқындайды.
Бұл жерде айта кететін жайт, кінәнің дәрежесін пайызбен анықтаған кезде пайыздық көрсеткішті анықтаудың ешқандай критерийі қарастырылмаған. Комиссия дауыс беру арқылы әрқайсысы өзінің жеке пікірі бойынша қызығушылық танытады.
Осылайша, пайызды анықтау кезінде тәуекел бар.
Ұсыным: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне жұмыскер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесін пайызбен анықтайтын нақты талаптарды бекіту туралы ұсыныс хат жолдау.
7.3. Мемлекеттік еңбек инспекторларының әкімшілік хаттаманы электронды түрде тіркеуі мақсатында 2018 жылы баға ұсыныстарын сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізіліп, «JANTU Group» ЖК-нен (ЖСН 89122041790) жалпы құны 744 500 мың теңгеге 5 планшет және «Тилес-Н» ЖШС-нен (160340015802) жалпы құны 296 105 мың теңгеге 5 термопринтер сатып алынған болатын.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасымен аталған планшеттерге тиісті бағдарламалар орнатылып, жаңартылды.
Алайда, планшеттерге қорғалған сим-карталарды орнату қажет болғандықтан, қазіргі уақытта планшеттерді қолдану мүмкін болмай отыр.
Мемлекеттік еңбек инспекторларымен әкімшілік хаттаманы электронды түрде тіркемеуі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызуы мүмкін.
Ұсыным: Планшеттерді қолдану мақсатында қорғалған (защищенный) сим-карталарды сатып алуға қосымша қаражат сұрату туралы облыстық қаржы басқармасына хат жолдау.
VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданып отырған кезеңде Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 2021 жылы барлығы 773 және 2022 жылдың 1 жартыжылдығына 474, барлығы 1247 өтініш келіп түскен.
Соның ішінде 2021 жылы жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 717, заңды тұлғалардан - 56.
2022 жылдың 1 жартыжылдығына жеке тұлғалардан- 424, заңды тұлғалардан – 50 өтініш келіп түскен.
Соның ішінде 2021 жылдың 1-жартыжылдығында 355 өтініш келіп түссе, 2022 жылдың 1-жартыжылдығында 469 өтініш келіп түскен.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
А.ж.18 мамырда А.Сохадан еңбек құқығының бұзылуы туралы жазған өтініші бойынша жауапты 23 маусымда ғана берген (27 жұмыс күні).
Бұдан басқа, осы өтінішті қарау үшін жауапты тұлға өтінішті қарау мерзімін а.ж. 6 маусымда негізсіз ұзартқан (тексеріс тағайындау туралы акт 08.06.22ж., орындауға шығу туралы актілер 14.06.22ж., 20.06.22ж., 21.06.22ж.)
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз қарау, уақтылы қарамау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.
Ұсыным: Басқарма қызметкерлеріне өтініштерді қарау барысында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын сақтау тәртібін түсіндіру бойынша оқыту ұйымдастыру.
Басқарманың 2021 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес, 89 475 мың теңге бөліген, игерілгені 89 474,3 мың теңге , игерілмегені 0,7 мың теңге.
2022 жылы 116 087,0 мың теңге қаражат бөлінген 2022 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша игерілген сомасы – 61 344,6 мың теңге.
Салық кодексінің 36-бабының талаптары бұзылып, мемлекеттік кірістер органдарындағы мекеменің дербес шоттарында салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек жинақталған.
2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, бюджетпен есеп айырысулардың жағдайы туралы дербес шот үзіндісіне және әлеуметтік төлемдер бойынша 2022 жылғы 1 қаңтарға салықтар бойынша артық төлем 28,4 мың теңгені құрайды (оның ішінде жеке табыс салығы 1,4 мың теңге, әлеуметтік салық бойынша 26,9 мың теңге, 2021 ж. 4 тоқсанындағы есептеулерді қоса алғанда).
2022 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша, бюджетпен есеп айырысулардың жағдайы туралы дербес шот үзіндісіне және әлеуметтік төлемдер бойынша 2022 жылғы 1 шілдеге салықтар бойынша артық төлем 125,6 мың теңгені құрайды (оның ішінде салық бойынша 45,6 мың теңге, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша 79,9 мың теңге, 2021 ж. 4 тоқсанындағы есептеулерді қоса алғанда).
Көрсетілген фактілер Салық кодексінің 36-бабына және ҚР 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығының нормалары бұзылғанын куәландырады.
Салық бойынша дебиторлық берешек 2021 жылғы бухгалтерлік баланста көрініс тапты.
Ішкі талдау өткізу барысында салықтарды артық төлеу сомалары ұсталып, көрсетілген кемшіліктердің барлығы жойылды.
Ұсыным: ҚР Салық заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлерінің қатысуымен оқыту ұйымдастыру.
Ережеге сәйкес, Басқармамен мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
ҰСЫНЫМДАР:
Басқарма басшысы А. Досжанов
Жұмыс тобы мүшелері: А. Батыров
Д. Қалел
А.Лукпанов
Ж. Ерзаков
Г. Рыскалиева