Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу
марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен
қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін
дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін
қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж
оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу
қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан
тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс
тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары,
әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде
жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген
шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының
лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де
ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы
наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке
кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір
айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай
сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге;
3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен
марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы
Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың
өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына
тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі
адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол
ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап
оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне
айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді
әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар
тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға
жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан
Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және
«Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға,
заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара
байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
қолдауымен жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен (Әділет министрлігінде 2023 жылғы18қаңтарда тіркелген № 31713) бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасында 2026 жылдың 05 мамыр мен 05 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Осыған байланысты 22мамыр күнінен бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды бастау туралы хабарландыру етеміз.
2026 жылғы сәуір айында Батыс Қазақстан облысының Стратегия және экономикалық даму басқармасының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбіліктерге белсене қатысты.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл ауқымды шара қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және елді мекендерді абаттандыруға бағытталған.
Акция барысында Басқарма ұжымы бекітілген аумақтардағы санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізді.
Мұндай іс-шаралар өңіріміздің экологиялық жағдайын жақсартып қана қоймай, ұжымның бірлігін нығайтуға және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға септігін тигізеді.
Басқарма ұжымы барлық өңір тұрғындарын қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға және экологиялық бастамаларды қолдауға шақырады.
Тазалық — өзімізден басталады!
Жеке қауіпсіздік — басты басымдық. Қатты тыйым салынады: күдікті заттарға қол тигізу, күдіктілерді өз бетіңізше ұстау. Барлық әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуы тиіс.
Затқа қол тигізбеңіз.
Орнын тіркеңіз (координаттар, фото, видео).
Жедел түрде 102 нөміріне хабарласыңыз.
102 операторыға бар ақпаратты хабарлаңыз (нақты мекенжай, ориентирлер, заттың сипаттамасы).
Мүмкін болса, полиция келгенге дейін затты көзбен бақылауды қамтамасыз етіңіз.
Полиция қызметкерлерінің нұсқауы бойынша ғана әрекет етіңіз.
Байланысқа түспеңіз.
Күдіктінің белгілерін тіркеңіз (жалпы сипаттама: ұлты, бойы, жасы, ерекше белгілері, киімі, жүріс бағыты, автокөліктің мемлекеттік нөмірінің болуы).
Жедел түрде 102 нөміріне хабарласыңыз.
102 операторыға мүмкіндігінше толық ақпарат беріңіз.
Қауіпсіз қашықтықтан бақылаңыз, күдіктімен байланысқа түспеңіз.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 112-бап — қажетті қорғаныс шегін асыра пайдалану.
125–126-баптар — заңсыз қамауға алу.
296–297-баптар — нашақор заттарды заңсыз сақтау немесе сату.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен (Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қаңтарда тіркелген № 31713) бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасында 2026 жылдың 05 мамыр мен 05 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
5 ақпан күні Батыс Қазақстан облысының Стратегия және экономикалық даму басқармасында «Ашық есік күні аясында мемлекеттік органдарға экскурсиялық сапарларды ұйымдастыру» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара шеңберінде Орал қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары басқарма қызметімен танысты. Оқушыларға Батыс Қазақстан облысының өңірлік дамуы, оның ішінде ауылдық елді мекендердің даму бағыттары мен осы салада іске асырылып жатқан бағдарламалар, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Кездесу мазмұнды әрі қызықты өтті. Оқушылар өңір экономикасына қатысты сұрақтарын қойып, болашақ жоспарларымен бөлісті.
Іс-шара қорытындысы бойынша оқушыларға сертификаттар табысталды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін
болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша
(https://www.kommersant.ru/doc/8230736, https://www.pravda.ru/news/videochannel/2313571-
russia-new-fraud-scheme/, https://iz.ru/1996945/2025-11-26/moshenniki-massovo-zastavliaiut-zhertvsamim-
zvonitimutm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2
Finstory%2Fa910b074-a37c-54c8-bb26-884c26851152, https://lenta.ru/news/2025/11/26/nazvanasamaya-
populyarnaya-v-poslednie-mesyatsy-shema-moshennichestva/) алаяқтар жаңа шабуыл
толқынын іске қосып, жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан хаттар мен SMS-хабарламалар жіберуде. «Авторизациядағы
қате», «домофонды ауыстыру» немесе «есептегіштерді тексеру» деген сылтаумен қаскүнемдер азаматтарды олардың өздерін қайта қоңырау шалуға мәжбүрлейді.
Нәтижесінде, ештеңеден күдіктенбейтін тұрғындар кибералаяқтарға әлеуметтік инженерия құралдарын қолдануға жағдай жасайды.
Мыналарды ұсынамыз:
- сақтық танытып, беймәлім кіріс хат-хабарлар мен қоңырауларға сыни
көзқараспен қарау;
- ұйымдардың ресми сайттарында көрсетілген телефон нөмірлеріне
ғана қайта қоңырау шалу;
- екі факторлы аутентификацияны пайдалану;
- банк карталарының деректерін, SMS арқылы келетін бір реттік
кодтарды және өзге де құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу.
Қырағы болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды әлемде қарқын алып жатқан жаңа киберқауіп туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздерге сәйкес («Department of Motor Vehicles» (АҚШ) https://www.dmv.ca.gov/portal/dmv-scam-alert/, «Комсомольская правда» https://www.yar.kp.ru/online/news/6556683/?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Fby%2Fstory%2F3850f569-3ebd-5b7d-88a2-cdfeb21a5838, «Аргументы и Факты» https://yar.aif.ru/incidents/kriminal/v-yaroslavskoy-oblasti-moshenniki-prisylayut-feykovye-shtrafy-za-narushenie-
pdd?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Fby%2Fstory%2F3850f569-3ebd-5b7d-88a2-cdfeb21a5838) зиянкестер Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалған қаулыларды жаппай жіберіп жатыр. Хаттар мен хабарламалар электрондық пошта мен мессенджерлерге жіберіледі және жүргізуші, көлік нөмірі туралы деректерді және «айыппұл төлеуге» сілтемені қамтиды.
Шын мәнінде, бұл фишингтік шабуыл. Банк картасының деректерін енгізген кезде сіздің шотыңызға толық қол жеткізіледі және барлық қаражатты ұрлау мүмкін. Жекелеген жағдайларда сілтемеде құрылғыдан жеке деректерді ұрлауға арналған вирусты қамтиды.
Бүгінгі күні, шабуылдар Ресей мен АҚШ-та тіркелген,сондықтан мұндай схеманың Қазақстанда таралу қаупі бар.
Әкімшілік айыппұл салу туралы ресми хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келіп түседі және төлем сілтемелерін қамтымайды. Салынған айыппұлдар туралы ақпарат egov.kz арқылы банктердің мобильді қосымшаларына да берілетінін естеріңізге саламыз.
Егер сіз 1414 нөмірінен айыппұл туралы хабарлама алсаңыз және онда төлем сілтемесі болса – ол бойынша өтпеңіз! Бұл алдау! Мұндай хабарламаларды алаяқтар жібереді!
Ұсынамыз:
Егер сіз сілтеме арқылы өтіп, деректерді енгізген болсаңыз:
Сақ болыңыз. Жақындарыңызды ескертіңіз. Алаяқтарға мүмкіндік бермеңіз!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке инвестициялар тарту жүйесін түбегейлі жаңарту, оның ішінде нақты секторды қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерді тарту арқылы іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды. Қазақстанда банк активтері мен капиталы дамыған елдерге қарағанда орта есеппен бірнеше есе тиімді. Ұлттық банкпен Үкіметі банктердің еркін өтімділігін экономикалық айналымға тартудың пәрменді құралдарын табуы тиіс деп айтылды. Экономиканың технологиялық өзгерістері мен қажеттіліктерін ескеретін Банктер туралы заң қабылданатын болады. Онда бәсекелестікті күшейту және нарыққа жаңа қатысушыларды тарту жолдары, сондай-ақ финтехті ілгерілету және цифрлық активтер айналымын ырықтандыру мәселелері көзделетін болады. Болашақта банктер тартымды жобаларға мүдделі болады және бәсекелестік шарттарда экономиканың нақты секторын бизнес үшін тиімді шарттар мен кредиттейді деп сенеміз. Бұл өз кезегінде соңғы өнімге әсер етеді: түпкілікті өнімінің өзіндік құнының және инфляцияның төмендеуі,халықтың әл-ауқатының артуы.