Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімдері 202,3 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 104,4% құрады, оның ішінде:
тау-кен өндірісі саласында – 182,2 млрд. теңге, 105,8%;
өңдеу саласында – 14,5 млрд. теңге, 104,6%;
электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау саласында – 4,7 млрд. теңге, 69,5%;
сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау саласында – 0,8 млрд. теңге, 117,8%.
Газ өндіру көлемі 1936,2 млн. текше метр құрады, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 8,8%-ке көп, газ конденсаты – 1112,6 мың тонна немесе 5,9%-ке көп.
Дайын металл өнімдердің өндірісі 128,7 млн. теңге құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезең деңгейінен 3,9%-ке аз.
Металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 126,6 млн. теңге құрады, бұл 24,8%-ке көп. Болаттан жасалған түрлі диаметрдегі құбырлар, іші қуыс жіксіз профильдер 7,0%-ке, легірленбеген (көміртегі) болаттан жасалған қырланған табақтар өндірісі 6,6 есеге көбейді.
Машина жасау саласында 52,8 млн. теңгеге өнім өндірілді, бұл 7,1%-ке көп.
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 73,2 млн. теңге құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезең деңгейінен 26,8%-ке аз. Газойл (дизель отыны) өндірісі 8,0%-ке азайды.
Өзге металл емес минералдық өнімдердің өндірісі 2,2 есеге көбейіп, 47,9 млн. теңгені құрады. Тауарлы бетон өндірісі 0,7%-ке азайды.
Тамақ өнімдері 66,7 млн. теңгеге өндірілді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезең деңгейінен 2,7%-ке көп.
Өңделген сұйық сүт және кілегей 5,3%-ке, қалбырдағы ет – 6,4%-ке,макарон, кеспе, кускус және нан өнімдері – 25,9%-ке, басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық – 29,2%-ке, шұжық және ет өнімдерінен алынған ұқсас өнімдер – 51,5%-ке, ұн – 64,6%-ке өсті.
Ет және тағамдық қосымша өнімдер 16,1%-ке азайды.
2020 жылы ИИДМБ және Индустрияландыру картасы шеңберінде 258 жұмыс орын құрылумен 5,0 млрд. теңгеге 5 жоба іске қосылды, соның ішінде:
Инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар 37,6млрд. теңге құрады, бұл 2019 жылдың тиісті деңгейінен 61,7%-ке көп.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 48,2 млрд. теңге құрады немесе 49,0%-ке аз.
Кәсіпорындардың өз қаражаттары үлесіне шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса, жалпы көлемнің 99,7% тиесілі немесе 37,5 млрд. теңге, бұл 67,8%-ке көп.
Банктердің кредиттері есебінен инвестициялар 46,1 млрд. теңге (2019 жылдың тиісті кезең деңгейінен 86,9%-ке аз), қарыздар есебінен – 9,2 млн. теңге құрады (94,1%-ке аз).
22,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 10,5%-ке көп.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3,4 млрд. теңге құрады немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 16,2%-ке аз.
Көлік. 2,7 млн. тонна жүк және 34,7 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2019 жылдың қаңтарына сәйкесінше 101,9% және 100,4%.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 4,6 млрд. теңге құрады немесе 2019 жылдың қаңтар деңгейіне 102,6%.
5,1 мың тонна ет (тірі салмағында) өндірілді немесе 2019 жылдың қаңтар деңгейіне 103,0%, сүт – 3,8 мың тонна (99,0%), жұмыртқа – 13,3 млн. дана (107,8%).
2020 жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында мүйізді ірі қара мал саны -3,3%-ке (оның ішінде сиыр – 8,6%-ке), жылқы – 7,3%-ке, құс – 14,8%-ке көбейді.
Тауар айналымы. Бөлшек тауар айналымының көлемі 23,5 млрд. теңге, 2019 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,7% құрады.
Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейі 100,6% құрады (республикалық көрсеткіш – 100,7%).
Азық-түлік тауарларының бағасы 9,4%-ке өсті. Балық және теңіз, сүт өнімдері 0,5%-ке, тоқаш және кондитер өнімдері – 0,6%-ке, темекі өнімдері – 0,7%-ке, ұн – 1,0%-ке, алкогольсіз сусындар – 1,4%-ке, жұмыртқа – 1,6%-ке, жарма – 1,9%-ке, макарон өнімдері – 2,0%-ке, жеміс пен көкөніс – 4,0%-ке өсті. Қант бағасы 1,5%-ке арзандады.
Азық-түлік емес тауарлардың баға индексі 100,5% құрады. Фармацевтикалық өнімдер 0,1%-ке,газет, кітап және кеңсе тауарлары - 0,3%-ке, тоқыма өнімдер және жеке пайдалануға арналған тауарлар – 0,5%-ке, киім және аяқ киім – 0,7%-ке қымбаттады. Бензин 2,0%-ке қымбаттады, дизель отыны 0,3%-ке арзандады.
Ақылы қызметтердің тарифтері мен бағалары 100,2% құрады. Амбулаториялық қызметтер бағасының 2,1%-ке, стоматологиялық қызметтер - 4,1%-ке, құқықтық және сақтандыру қызметтері - 5%-ке, аяқ киімдерді жөндеу - 6,4%-ке, қосымша медициналық қызметкерлердің қызметі - 11,4%-ке өсті. Жолаушылардың темір жол көлігі қызметі бағасы 2%-ке арзандады, жолаушылардың әуе көлігі қызметі 8,8%-ке қымбаттады.
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 42,6 мың бірлікті құрады, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 4,1%-ке көп.
2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 118,3 мың адамды құрады немесе 2018 жылдың 1 қазан деңгейінен 4,3%-ке көп.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен 1186,4 млрд. теңгеге тауар (жұмыс және қызмет) өндірілді, бұл 2018 жылғы тиісті кезең деңгейіне 109,3%.
2020 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға 1765,3 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 1532,4 млн. теңге, жартылай кепілдендіруге – 146,9 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 47,0 млн. теңге, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар – 39,0 млн.теңге.
Құзіретті органның шешімімен «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында сомасы 2,7 млрд. теңгеге 14 жоба мақұлданды.
Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 4,6 млрд. теңге қарастырылды.
Қаржылар. Мемлекеттік бюджетке 26,2 млрд. теңге жиналды (болжамға 98,8%), бұл 2019 жылдың қаңтар деңгейіне 0,5%-ке көп.
Республикалық бюджетке түсімдер 17,9 млрд. теңгені құрады (болжамға 86,3%), бұл 2019 жылдың қаңтар деңгейінен 9,8%-ке аз.
Жергілікті бюджетке 8,3 млрд. теңге түсті (болжамға 143,3%), бұл 33,4%-ке көп.
Өтелмеген салықтар (өткен жылдар есебімен) 2020 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 357,6 млн. теңгеге көбейіп , 2361,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша – 1660,1 млн. теңге (358,3 млн. теңгеге көп), жергілікті – 701,7 млн. теңге (0,8 млн. теңгеге аз).
Еңбек нарығы. 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 5537 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,6% құрады.
2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 270 жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығында – 37, көлік және қоймалауда – 8, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу – 34, экономикалық кызметтің басқа түрлері салаларында – 22, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 169. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 259 (95,9%) – ауылдық жерде.
1742 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 874 адам жіберілді.
Техникалық және кәсіптік білім, орта білімен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 103 адам жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 50 адам орналастырылды.
Кедей отбасылардың саны 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 1829 отбасыны құрады.
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда орташа айлық еңбекақы 183459 теңгені құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңінен 19,6%-ке көп.
Білім беру. Облыстың білім беру мекемелерінің саны 388 мектепті құрады (107609 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік – 385 (107349 оқушы), мемлекеттік емес – 3 (260 оқушы). 379 күндізгі мектеп (106530 оқушы), 3 кешкі ауысымды мектеп (222 оқушы), 3 арнайы мамандандырылған мектеп (597 оқушы) жұмыс істейді.
Облыста 215 балабақша, 60 «мектеп-балабақша» кешені және 235 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санын қамтитын 30,1 мың бала немесе 79,0%, 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар, 100% 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар құрайды.
50 мектептен тыс мекемелер қосымша білім алу мүмкіндігін жасап отыр, оқушылардың қамтылу саны 54,2 мың, бұл облыс мектептері оқушыларының жалпы санының 50,9% құрайды.
3 ПДПК (психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру), 12 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеттері қызмет көрсетеді.
Бүгінгі таңда 124 отбасында 173 бала патронаттық тәрбие алуда.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 17,6 мың адам оқитын 34 бірлік құрайды, соның ішінде 26 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес колледждер.
Білім беру саласының 2020 жылғы бюджеті 95,0 млрд. теңгені құрайды.
Жалпы білім беретін мектептерде мультимедиялық кабинеттердің компьютерлерін қоса есептегенде, 15088 компьютер бар немесе бір компьютерге 7 оқушыдан келеді.
Денсаулық сақтау. 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының жүйесі 39 заңды нысанды құрайды.
Облыста 1701 дәрігер және 6308 орта медицина қызметкері (ДСӘДМ жүйесі) жұмыс істейді.
3533 бюджеттік кереует орын бар.
2019 жылғы қаңтар-желтоқсандағы 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нәресте өлімі (1000 мың тірі туылғанға) – 0,9%-ке, жалпы өлім (1000 тұрғынға) – 3,0%-ке, туберкулезбен ауру (100 мың тұрғынға) 1,0%-ке төмендеді. 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында 1 ана өлімі уақиғасы тіркелді.
Денсаулық сақтау саласының 2020 жылғы бюджеті 3,9 млрд. теңгені құрайды, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер – 1,4 млрд. теңге.
Мәдениет және спорт. Мәдениет ұйымдарының саны 701 нысанды құрайды, соның ішінде 368 кітапхана, 263 қалалық, аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, 5 автоклуб, 22 киноқондырғы, 24 музей (соның ішінде 2-і мемлекеттік емес), 1 көрме залы, 3 мәдениет және демалыс саябағы, 6 кинотеатр (соның ішінде 3-і мемлекеттік емес), облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау Инспекциясы, тарих және археология Орталығы, облыстық халық шығармашылығы Орталығы, жастар шығармашылығы Орталығы, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер Орталығы, облыстық Қазақ драма театры, А.Н.Островский атындағы драма театры, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, камералық оркестр сынды кәсіби өнер ұжымдары.
Мәдениет саласының 2020 жылғы бюджеті 7,6 млрд. теңгені құрайды.
Облыс бойынша спорттық құрылыстардың саны 1682 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 6 жүзу бассейні, 17 спорт кешені, 293 спорт залы, 2 спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 96 ату тирі, 1084 жазықтық ғимарат, 151 бейімделген спорт залы, 15 теннис корты, 6 хоккей корты.
Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, облыстық жоғары шеберлік спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, 11 спорт клубы, соның ішінде 3 кәсіби клубы («Ақжайық» спорт клубы АҚ, «Ақжайық» футбол клубы АҚ, «Жайық» волейбол клубы МКҚК) жұмыс істейді.
Дене шынықтыру және спорт саласының 2019 жылғы бюджеті 5,3 млрд. теңгені құрады.