Меню

Страницы

Статья

«Ақжайық – адалдық алаңы»

«Ақжайық – адалдық алаңы» (бұдан әрі - Жоба) Жобасының миссиясы Батыс Қазақстан облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады.

Жоба сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша келесі негізгі салаларда жүзеге асырылады:білім; денсаулық сақтау; әлеуметтік қамтамасыз ету;сәулет, құрылыс және тұрғын-үй шаруашылығы; ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; мемлекеттік кірістер органдары;сот және құқық қорғау органдары; бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2019 жылдың 1 қаңтары – 31 желтоқсаны аралығы

Жоба кураторы - Ғабидолла Абдуллаұлы Оспанқұлов, облыс әкімінің орынбасары;

Жобаның со-кураторлары:

- Болат Әлмұханұлы Исақов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің (бұдан әрі – Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті) басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы;

- Рүстем Сапарбекұлы Ақмырзаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы;

Жоба (жобалық кеңсе) басшысы:

- Салиева Әлия Өтемісқызы «Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы, Орал қалалық маслихатының депутаты.

Байланыс ақпараты:

Жобалық офистің мекен жайы: Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 179 (БҚО облыстық әкімдігі ғимаратының 1 қабаты);

Тел: 8 7112 50 33 07;

эл.адрес: aqjaiyq_adaldyq_alany

эл. пошта: Adaldyq07@mail.ru

- «Ақжайық - адалдық алаңы» жобасының Instagram парақшасына сілтеме: https://www.instagram.com/aqjaiyq_adaldyq_alany/?hl=ru;

- «Ақжайық - адалдық алаңы» жобасының Facebook парақшасына сілтеме: https://www.facebook.com/profile.php?id=100032912742049

- Республикалық «Адалдық алаңы» жобасының Facebook парақшасына сілтеме: https://www.facebook.com/adaldyqalany.kz/.

Дата публикации
28 января 2020
Дата обновления
28 января 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
24 июля 2025
Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасында 2025 жылдың 6 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау ақпараты
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
01 февраля 2023
Бюджет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы