«Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
3.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қоса) құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бюджеттік заңнаманы және өзге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қабылдау, олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан қарауға;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарауға;
- Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңында белгiленген тәртiппен әрi мерзiмде жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштер қабылдауға және оларды қарауға;
- азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
- қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатпайтын ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;
- жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға;
- мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенімін сақтауға және нығайтуға;
3.2. Өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамаларына және инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындысын Бюджет заңнамасына сәйкес дайындау;
- қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;
- Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамаларға және жоғары тұрған деңгейдегі мемлекеттік органдардың құқықтық актiлеріне қайшы келмеуге тиіс;
- функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға;
- лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға;
- лауазымдық міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
- мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті;
- өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылыққа және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;
3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңын басшылыққа алу;
- жоғары тұрған деңгейдегі нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеу;
- нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік талқылауы үшін орналастырылу;
- азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобасын қоғамдық кеңестерге жіберу;
- нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу;
- қабылданған нормативтiк құқықтық актiлермен танысу үшін мүдделi тұлғаларға оларды қолжетімді етуге;
3.4. тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:
- мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органның жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
- мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;
- іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.
- мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
- мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
- қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтарды қабылдау;
- егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру;
- шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға.