Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысының 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімдері 618,4 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 104,7% құрады, оның ішінде:

тау-кен өндірісі саласында – 527,3 млрд. теңге, 104,5%;

өңдеу саласында – 66,9 млрд. теңге, 110,4%;

электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау саласында – 21,2 млрд. теңге, 92,8%;

сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау саласында – 3,0 млрд. теңге, 87,9%.

Газ өндіру көлемі 7282,6 млн. текше метрді құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 5,5% - ке артық, газ конденсаты – 4246,2 мың тонна немесе 3,9% - ке артық.

Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісінің көлемі 1,7 есеге артып, 4402,0 млн.теңгені құрады. Тауарлық бетон өндірісі 1,8 есе, құрылыс мақсаттарына арналған бетоннан жасалған бұйымдар өндірісі 1,7 есе артты.

Машина жасауда 15922,1 млн. теңгенің өнімі өндірілді,бұл 34,2% - ке артық.

Металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 5780,9 млн. теңгені құрайды, бұл 11,0% - ке аз. Легірленбеген болаттан жасалған қабырғалы парақтар өндірісі 24,1% - ке аз.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 8198,6 млн. теңгені құрайды, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 7,1% - ке аз.

Дайын металл бұйымдарын өндіру көлемі 2902,3 млн. теңгені құрайды, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 16,1% - ке аз.

Азық-түлік өнімдері 23511,4 млн.теңгеге өндірілді, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 3,8% - ке артық.

Дәнді дақылдардан жасалған ұн 3,4%, ет және тағамдық қосымша өнімдер – 5,1%-ке, басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық – 19,1%-ке, қалбырдағы ет – 24,4%-ке, еттен жасалған шұжық және ұқсас өнімдер – 38,8%-ке, макарон, кеспе, кускус және ұн өнімдері - 46,0%-ке артты.

Жаңа піскен нан 0,9% – ке, өңделген сұйық сүт және кілегей -23,3%-ке, ірімшік және сүзбе – 23,6% - ке азайды.

2020 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 365 жұмыс орын құрылумен 7,9 млрд. теңгеге 7 жоба іске қосылды, соның ішінде:

         «Орал трансформатор зауыты» ЖШС - қуаты 35-500 кВ трансформаторға арналған панельді радиатор өндірісі ". Құны – 3,9 млрд.теңге. Жұмыс орны – 115;

         «Квант» ЖШС – жиһаз фабрикасы. Құны  - 2000 млн.тенге. Жұмыс орны – 100;

         «134» ЖШС - кірпіш зауытын салу. Құны – 1170,0 млн.теңге. Жұмыс орны – 70; 

        «Орал құс фабрикасы» ЖШС - құс фабрикасын кеңейту. Құны – 375 млн.теңге. Жұмыс орны – 6.

        «Гидроприбор "ҒЗИ"» АҚ - шағын катерлердің кеме жасау өндірісін кеңейту және жаңарту). Құны – 350 млн.теңге. Жұмыс орны – 55.                   

         «Intelligent Provective System» ЖШС  - жеке газталдауыштарды өндіру. Құны – 85 млн.теңге. Жұмыс орны – 7;

ЖК " Бисеналиев Т. А - құрылыс керамикалық бұйымдарын шығару зауытын салу;  Құны – 38 млн.теңге. Жұмыс орны – 12;

Инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар 157,6 млрд. теңге құрады, бұл 2019 жылдың тиісті деңгейінен 18,8%-ке көп.

Республикалық бюджет есебінен инвестиция 2,3 млрд.тенгені құрады, бұл 5,5%-ке аз.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 4,5 млрд. теңге құрады немесе 3,1 есеге көп.

Кәсіпорындардың өз қаражаттары үлесіне шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса, жалпы көлемнің  95,2% тиесілі немесе 150,1 млрд. теңге, бұл 17,8% көп.

Банктердің кредиттері есебінен инвестициялар 0,5 млрд. теңге (2019 жылдың тиісті кезең деңгейінен 46,1%-ке аз), қарыздар есебінен – 132,4 млн. теңге құрады (57,3%-ке аз).

114,7 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 24,7%-ке аз.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 29,8 млрд. теңге құрады немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 11,6%-ке көп.

Көлік. 10,5 млн. тонна жүк және 101,7 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2019 жылдың қаңтар-сәуіріне сәйкесінше 95,0% және 75,1%.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 27,3 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар-сәуір деңгейіне 103,4% құрады.

Өндірілген ет (тірі салмақта) 25,7 мың тонна немесе 2019 жылғы қаңтар-сәуір деңгейіне 104,9%, сүт – 40,2 мың тонна (100,4%), жұмыртқа – 56,1 млн.дана (100,8%).

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2019 жылдың тиісті күнімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында ІҚМ басы 4,2% - ке (оның ішінде сиыр – 7,9% – ке), жылқы-7,9% - ке, құс-15,0% - ке артты.

Тауар айналымы. Бөлшек тауар айналымының көлемі 94,7 млрд. теңге, 2019 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 89,4% құрады.

Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейі 102,8% құрады (республикалық көрсеткіш – 103,2%).

Азық-түлік тауарларының бағасы 5,0%- ке өсті. Жемістер мен көкөністер  16,6%-ке, қант пен жарма – 13,3%-ке, ұн – 6,0%-ке, ет – 4,2%-ке, май мен тоң май – 3,7%-ке, макарон өнімдері – 3,6%, темекі өнімдері - 3,3%-ке, алкогольсіз сусындарға - 2,5%-ке, бөлке және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер - 1,8%-ке, балық және теңіз өнімдері - 1,3%-ке, сүт өнімдері-0,8% - ке қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарларға баға индексі 101,2% құрады. Фармацевтикалық өнімдер – 2,2%-ке, киім мен аяқ киім - 1,5%-ке, басқада құралдар, жеке пайдаланатын құралдар мен тауарлар – 1,5%-ке,  жуғыш және тазалағыш құралдар – 0,5%-ке қымбаттады. Бензин 2,9%-ке, дизель отыны-2,7%-ке арзандады.

Ақылы қызметтердің тарифтері мен бағалары 101,6% құрады. Электр энергия тарифы 8,3%-ке, қоқыс шығару – 48,2%-ке қымбаттады. Құқықтық және сақтандыру қызметтері 10,0%-ке, такси қызметі – 5,0%-ке, тұрғын үйге нақты жалдау ақысы – 3,6%-ке, амбулаториялық қызметтер бағалары – 2,1%-ке қымбаттады. Жолаушылардың темір жол көлігі қызметі бағасы 1,5%-ке, жолаушылардың әуе көлігі қызметі 3,2%-ке арзандады.

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 42,4 мың бірлікті құрады, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 1,7%-ке көп.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 119,53 мың адамды құрады немесе 2019 жылдың 1 қаңтар деңгейінен 3,9% ке көп.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен 1617,5 млрд. теңгеге тауар (жұмыс және қызмет) өндірілді, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейіне 101,7%.

2020 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға 3656,6 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 3094,4 млн. теңге, жартылай кепілдендіруге – 476,2 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 47,0 млн. теңге, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар – 39,0 млн.теңге.

Құзіретті органның шешімімен «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында сомасы 1,7 млрд. теңгеге 55 жоба мақұлданды.

Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 5,2 млрд.теңге бөлінді.

Қаржылар. Мемлекеттік бюджетке 93,3 млрд. теңге жиналды (болжамға 85,6%), бұл 2019 жылдың қаңтар-сәуір деңгейінен 23,6%-ке аз.

Республикалық бюджетке түсімдер 57,7 млрд. теңгені құрады (болжамға 72,3%), бұл 2019 жылдың қаңтар-сәуір деңгейінен 39,2%-ке аз.

Жергілікті бюджетке  35,6 млрд. теңге түсті (болжамға 122,2%), бұл 31,3%-ке көп.

Өтелмеген салықтар (өткен жылдар есебімен) 2020 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 383,0 млн. теңгеге көбейіп, 2387,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша – 1155,6  млн. теңге (146,1 млн. теңгеге көп), жергілікті – 1231,6 млн. теңге (529,1 млн. теңгеге көп).

Еңбек нарығы. 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 9751 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 2,9% құрады.

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 3348 жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығында – 188, құрылыс – 30, көлік және қоймалауда – 30, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу – 91,білім беру – 13,  денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 25, экономикалық кызметтің басқа түрлері салаларында – 132, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 2839. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 2178 (65,1%) – ауылдық жерде.

4737 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 2182 адам жіберілді.

Техникалық және кәсіптік білім, орта білімен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 246 адам жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 143 адам орналастырылды.

Кедей отбасылардың саны 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 3959 отбасын құрады.

2019 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық еңбекақы 186857 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 16,6%-ке көп.

Білім беру. Облыстың білім беру мекемелерінің саны 388 мектепті құрады (107609 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік – 385 (107349 оқушы), мемлекеттік емес – 3 (260 оқушы). 379 күндізгі мектеп (106530 оқушы), 3 кешкі ауысымды мектеп (222 оқушы), 3 арнайы мамандандырылған мектеп (597 оқушы) жұмыс істейді.

Облыста 215 балабақша, 60 «мектеп-балабақша» кешені және 235 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санын қамтитын 30,1 мың бала немесе 74,2%, 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар, 100% 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар құрайды.

50 мектептен тыс мекемелер қосымша білім алу мүмкіндігін жасап отыр, оқушылардың қамтылу саны 57,1 мың, бұл облыс мектептері оқушыларының жалпы санының 53,6% құрайды.

3 ПДПК (психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру), 12 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеттері қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда 124 отбасында 159 бала патронаттық тәрбие алуда.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 17,6 мың адам оқитын 34 бірлік құрайды, соның ішінде 24 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес колледждер.

Білім беру саласының 2020 жылғы бюджеті 104,7 млрд. теңгені құрайды.

Жалпы білім беретін мектептерде мультимедиялық кабинеттердің компьютерлерін қоса есептегенде, 15977 компьютер бар немесе бір компьютерге 7 оқушыдан келеді.

Денсаулық сақтау. 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының жүйесі 39 заңды нысанды құрайды.

Облыста 1693 дәрігер және 6399 орта медицина қызметкері (ДСӘДМ жүйесі) жұмыс істейді.

3248 бюджеттік кереует орын бар.

2020 жылдың қаңтар-сәуірде 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім - жітім (100 мың тұрғынға) 21,9% – ке азайды. 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында 1 ана өлімі тіркелді.

Денсаулық сақтау саласының бюджеті 2020 жылы 6,2 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері – 2,1 млрд. теңге.

  Мәдениет және спорт. Мәдениет ұйымдарының саны 701 нысанды құрайды, соның ішінде 368 кітапхана, 263 қалалық, аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, 5 автоклуб, 22 киноқондырғы, 24 музей (соның ішінде 2-і мемлекеттік емес), 1 көрме залы, 3 мәдениет және демалыс саябағы, 6 кинотеатр (соның ішінде 3-і мемлекеттік емес), облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау Инспекциясы, тарих және археология Орталығы, облыстық халық шығармашылығы Орталығы, жастар шығармашылығы Орталығы, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер Орталығы, облыстық Қазақ драма театры, А.Н.Островский атындағы драма театры, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, камералық оркестр сынды кәсіби өнер ұжымдары.

Мәдениет саласының 2020 жылғы бюджеті 9,8 млрд. теңгені құрайды.

Облыс бойынша спорттық құрылыстардың саны 1682 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 6 жүзу бассейні, 17 спорт кешені, 293 спорт залы, 2 спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 96 ату тирі, 1084 жазықтық ғимарат, 151 бейімделген спорт залы, 15 теннис корты, 6 хоккей корты.

Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, облыстық жоғары шеберлік спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, 11 спорт клубы, соның ішінде 3 кәсіби клубы («Ақжайық» спорт клубы АҚ, «Ақжайық» футбол клубы АҚ, «Жайық» волейбол клубы МКҚК) жұмыс істейді.

Дене шынықтыру және спорт саласының 2020 жылғы бюджеті 5,6 млрд.теңгені құрады.

Дата публикации
20 мая 2020
Дата обновления
20 мая 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 июля 2025
Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасында 2025 жылдың 6 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау ақпараты
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
01 февраля 2023
Бюджет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы