Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 25-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 мамырда № 5685 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №21-2 "2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5451 тіркелген, 2018 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 152 383 864 мың теңге:
салықтық түсімдер – 38 858 222 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 1 308 899 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 144 мың теңге;
трансферттер түсімі – 112 215 599 мың теңге;
2) шығындар – 152 624 822 мың теңге:
3) таза бюджеттік кредиттеу – 10 095 624 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 15 239 679 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 5 144 055 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 385 392 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 385 392 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -10 721 974 мың теңге:
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 10 721 974 мың теңге:
қарыздар түсімі – 14 989 679 мың теңге;
қарыздарды өтеу –5 050 738 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 783 033 мың теңге.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының "2019-2021 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңының 6, 8, 10, 11, 13, 14, 15, 26-баптары қаперге және басшылыққа алынсын:
2019 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі және кредиттердің жалпы сомасы 65 004 001 мың теңге көлемінде қарастырылсын:
төмен ақы төленетін қызметкерлердің жалақысының мөлшерін көтеру үшін олардың салықтық жүктемесін төмендетуге байланысты шығындарын өтеуге – 1 192 971 мың теңге;
азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 10 920 474 мың теңге;
ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы мөлшерлерін ұлғайтуға – 85 334 мың теңге;
ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге – 582 240 мың теңге;
жол-патрульдік полицияның саптық бөлімшелерінің қызметкерлеріне, учаскелік полиция инспекторларына және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеуге – 103 446 мың теңге;
орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге – 65 102 мың теңге;
бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен педагог-психологтарының еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 5 234 927 мың теңге;
медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуіне – 218 мың теңге;
жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға – 92 500 мың теңге;
вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға – 871 116 мың теңге;
саламатты өмір салтын насихаттауға – 87 958 мың теңге;
ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға – 95 621 мың теңге;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 3 428 606 мың теңге;
халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге – 119 349 мың теңге;
арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге – 3 670 мың теңге;
үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 38 999 мың теңге;
кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге – 17 220 мың теңге;
мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға – 8 948 мың теңге;
мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 161 086 мың теңге;
ымдау тілі маманының қызмет көрсетуге – 30 337 мың теңге;
техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар тiзбесiн кеңейтуге – 112 754 мың теңге;
Spina bifida диагнозымен мүгедек балаларды бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге – 920 мың теңге;
жалақыны ішінара субсидиялауға – 125 957 мың теңге;
жастар практикасына – 434 805 мың теңге;
ақпараттық жұмысқа – 1 953 мың теңге;
NEET санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттарға – 182 810 мың теңге;
жаңалық телебағдарламаларының трансляциясын сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге – 8 434 мың теңге;
көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға – 8 088 048 мың теңге;
мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға – 779 мың теңге;
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялауға – 63 050 мың теңге;
ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – 2 196 616 мың теңге;
инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге – 2 657 828 мың теңге;
орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауылдық жерде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге – 61 281 мың теңге;
ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға – 282 902 мың теңге;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға – 3 223 762 мың теңге;
спорт нысандарын дамытуға – 750 000 мың теңге;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға – 3 876 837 мың теңге, оның ішінде: әлеуметтік-осал топтар үшін тұрғын үй салуға – 2 330 708 мың теңге; аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй салуға – 1 546 129 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 2 387 313 мың теңге;
елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 3 406 682 мың теңге;
сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 1 817 855 мың теңге;
газ тасымалдау жүйесін дамытуға – 758 000 мың теңге;
көлік инфрақұрылымын дамытуға – 1 015 741 мың теңге;
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға кредит беруге – 1 613 475 мың теңге;
облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беруге – 597 320 мың теңге;
нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беруге – 4 014 528 мың теңге;
жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беруге – 1 330 648 мың теңге;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге – 578 013 мың теңге;
аз қамтылған көп балалы отбасыларға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға – 553 871 мың теңге;
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге – 45 000 мың теңге;
"Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 1 205 278 мың теңге;
"Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 16 234 мың теңге;
индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 15 000 мың теңге;
шағын және моноқалалардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға – 440 185 мың теңге.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2019 жылдың кірістерін бөлу нормативі төмендегі ерекшеліктер кірістері бойынша белгіленсін:
1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:
Бөрлі – 20,7%; Орал қаласы – 62,2%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;
2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:
Бөрлі, Орал қаласы, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;
3) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:
Бөрлі –20,7%; Орал қаласы – 62,2%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;
4) әлеуметтік салық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:
Бөрлі – 25,8%; Орал қаласы – 67,7%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 10 101 259 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:
7 302 220 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;
2 799 039 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.
Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. 2019 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерві 740 000 мың теңге көлемінде бекітілсін.";
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.