Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 21-2 "2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 21-2 "2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 23-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 наурызда № 5562 болып тіркелді

       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №21-2 "2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5451 тіркелген, 2018 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

 

       1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

       "1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 129 723 371 мың теңге:

      салықтық түсімдер – 35 200 167 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 1 094 996 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 144 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 93 427 064 мың теңге;

      2) шығындар – 130 262 290 мың теңге:

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 10 095 624 мың теңге:

      бюджеттік кредиттер – 15 239 679 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 5 144 055 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 87 431 мың теңге:

      қаржы активтерін сатып алу – 87 431 мың теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

      5)бюджет тапшылығы (профициті) – -10 721 974 мың теңге:

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 10 721 974 мың теңге:

      қарыздар түсімі – 14 989 679 мың теңге;

      қарыздарды өтеу –5 050 738 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 783 033 мың теңге.";

 

       5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте облыстың жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер 7 433 708 мың теңге сомасында ескерілсін.";

 

       10 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 7 789 518 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

      5 186 833 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;

      2 602 685 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.

      Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.";

       аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
05 декабря 2019
Дата обновления
05 декабря 2019
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
24 июля 2025
Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасында 2025 жылдың 6 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау ақпараты
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
01 февраля 2023
Бюджет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы