Меню

Страницы

Статья

2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы

 

2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 21-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 5451 болып тіркелді.

       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 155 702 433 мың теңге:

      салықтық түсімдер – 40 856 772 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 1 914 822 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 20 536 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 112 910 303 мың теңге;

      2) шығындар – 156 429 643 мың теңге:

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 11 315 706 мың теңге:

      бюджеттік кредиттер – 17 089 679 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 5 773 973 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 385 392 мың теңге:

      қаржы активтерін сатып алу – 385 392 мың теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – -12 428 308 мың теңге:

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 12 428 308 мың теңге:

      қарыздар түсімі – 16 839 679 мың теңге;

      қарыздарды өтеу – 5 194 404 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 783 033 мың теңге.

  1. 2019 жылға арналған облыстық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2018жылғы 30 қарашадағы "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес және осы шешімнің 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес қалыптастырылады.
  2.  Қазақстан Республикасының "2019-2021 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңының 6, 8, 10, 11, 13, 14, 15, 26-баптары қаперге және басшылыққа алынсын:

      1) 2019 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің түсімі жалпы сомада 62 937 107 мың теңге көлемінде ескерілсін:

      төмен ақы төленетін қызметкерлердің жалақысының мөлшерін көтеру үшін олардың салықтық жүктемесін төмендетуге байланысты шығындарын өтеуге – 1 192 971 мың теңге;

      азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 11 603 824 мың теңге;

      ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы мөлшерлерін ұлғайтуға – 85 334 мың теңге;

      ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге – 582 240 мың теңге;

      жол-патрульдік полицияның саптық бөлімшелерінің қызметкерлеріне, учаскелік полиция инспекторларына және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеуге – 12 155 мың теңге;

      орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге – 27 709 мың теңге;

      бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен педагог-психологтарының еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 5 012 832 мың теңге;

      медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуіне – 0 теңге;

      жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға – 92 500 мың теңге;

      вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға – 871 116 мың теңге;

      саламатты өмір салтын насихаттауға – 87 958 мың теңге;

      ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға – 108 295 мың теңге;

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 4 687 643 мың теңге;

      халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге – 119 349 мың теңге;

      арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге – 3 670 мың теңге;

      үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 38 999 мың теңге;

      кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге – 17 220 мың теңге;

      мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға – 8 948 мың теңге;

      мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 152 205 мың теңге;

      ымдау тілі маманының қызмет көрсетуге – 30 835 мың теңге;

      техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар тiзбесiн кеңейтуге – 112 754 мың теңге;

      Spina bifida диагнозымен мүгедек балаларды бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге – 920 мың теңге;

      жалақыны ішінара субсидиялауға – 125 957 мың теңге;

      жастар практикасына – 434 805 мың теңге;

      ақпараттық жұмысқа – 1 953 мың теңге;

      NEET санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттарға – 182 810 мың теңге;

      жаңалық телебағдарламаларының трансляциясын сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге – 8 434 мың теңге;

      көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға – 6 988 156 мың теңге;

      мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға – 779 мың теңге;

      агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялауға – 63 050 мың теңге;

      ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – 2 196 616 мың теңге;

      инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге – 2 657 828 мың теңге;

      орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауылдық жерде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге – 61 281 мың теңге;

      ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға – 282 902 мың теңге;

      бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға – 2 010 000 мың теңге;

      спорт нысандарын дамытуға – 750 000 мың теңге;

      коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға – 3 876 837 мың теңге, оның ішінде: әлеуметтік-осал топтар үшін тұрғын үй салуға – 2 330 708 мың теңге; аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй салуға – 1 546 129 мың теңге;

      инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 2 122 669 мың теңге;

      елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 3 506 003 мың теңге;

      сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 593 222 мың теңге;

      газ тасымалдау жүйесін дамытуға – 1 029 696 мың теңге;

      көлік инфрақұрылымын дамытуға – 858 080 мың теңге;

      мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға кредит беруге – 1 613 475 мың теңге;

      облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беруге – 597 320 мың теңге;

      нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беруге – 4 014 528 мың теңге;

      жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беруге – 1 330 648 мың теңге;

      мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге – 505 013 мың теңге;

      аз қамтылған көп балалы отбасыларға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға – 553 871 мың теңге;

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге – 45 000 мың теңге;

      "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 1 206 748 мың теңге;

      "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 14 764 мың теңге;

      индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 15 000 мың теңге;

      шағын және моноқалалардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға – 440 185 мың теңге;

      2) 2019 жылға арналған облыстық бюджетте Қазақстан Респуликасының Ұлттық Қордан бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің түсімі жалпы сомада 4 607 506 мың теңге көлемінде қарастырылсын:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 1 425 210 мың теңге;

      жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға – 419 150 мың теңге;

      еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 778 476 мың теңге;

      жұмысшы біліктіліктері бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендия мөлшерін ұлғайтуға – 106 124 мың теңге;

      көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға – 28 546 мың теңге;

      нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беруге – 1 850 000 мың теңге.

  1. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте бюджеттік кредиттердің өтеуін 5 773 973 мың теңге сомасында түсімдер ескерілсін.
  2. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте облыстың жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жіберу үшін шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер 7 433 708 мың теңге сомасында ескерілсін.
  3. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерден трансферттедің түсімдері:

       "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімін 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыруға байланысты – 1 898 732 мың теңге;

       "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары бойынша мөлшерлемелерді азайтуға байланысты – 949 366 мың теңге;

       "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар бойынша мөлшерлеменің азаюына байланысты – 517 019 мың теңге көзделсін.

      Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерден трансферттердің көрсетілген сомаларының облыстық бюджетке түсімдері Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2019 жылдың кірістерін бөлу нормативі төмендегі ерекшеліктер кірістері бойынша белгіленсін:

      1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

      Бөрлі – 20,56%; Орал қаласы – 62,1%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

      2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

      Бөрлі, Орал қаласы, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

      3) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

      Бөрлі –20,56%; Орал қаласы – 62,1%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

      4) әлеуметтік салық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

      Бөрлі – 23,93%; Орал қаласы – 62,1%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%.

  1. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
  2. Облыстық бюджеттен 2019 жылы төменгі бюджеттерге берілетін субвенциялар көлемінің жалпы сомасы 36 868 120 мың теңге болып белгіленсін, оның ішінде:

      Ақжайық ауданы – 4 938 401 мың теңге;

      Бөкей ордасы ауданы – 2 592 177 мың теңге;

      Жаңақала ауданы – 2 800 727 мың теңге;

      Жәнібек ауданы – 2 489 886 мың теңге;

      Зеленов ауданы – 4 423 549 мың теңге;

      Казталов ауданы – 4 188 400 мың теңге;

      Қаратөбе ауданы – 2 727 394 мың теңге;

      Сырым ауданы – 2 994 583 мың теңге;

      Тасқала ауданы – 2 535 787 мың теңге;

      Теректі ауданы – 4 662 549 мың теңге;

      Шыңғырлау ауданы – 2 514 667 мың теңге.

  1. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 11 544 968 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

      8 242 254 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;

      3 302 714 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.

      Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

  1. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте қарыздарды өтеуге 5 194 404 мың теңге сомасында қарастырылсын.
  2. 2019 жылға арналған облыстық бюджетке төмен тұрған бюджеттерден бюджеттік алымдар қарастырылмайды деп белгіленсін.
  3. 2019 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерві 580 753 мың теңге көлемінде бекітілсін.
  4. Облыстың жергілікті атқарушы органының борыш лимиті 2019 жылдың 31 желтоқсанына 42 677 484 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
  5. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген мамандар лауазымдарының тізбесіне ауылдық жерлерде қызмет ететін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласының азаматтық қызметшілеріне осы қызмет түрлерімен қалада айналысатын азаматтық қызметшілердің ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақыларын 25%-ға көтеру белгіленсін.
  6. 2019 жылға арналған жергілікті бюджеттердің атқару үдерісінде секвестрлендіруге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4, 5-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
  7. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  8. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Дата публикации
05 декабря 2019
Дата обновления
05 декабря 2019
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
24 июля 2025
Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасында 2025 жылдың 6 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау ақпараты
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
01 февраля 2023
Бюджет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы