Батыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

2026 жылғы қаңтар - ақпанында өнеркәсіп өнімдері 548,4 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 83,4%.

Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 82,2%, өңдеу саласында 91,0% құрады.

Газ өндірісінің көлемі 3 742,8 млн. текше метр құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 17,7%-ке аз, газ конденсаты – 1 808,4 мың тонна немесе 80,9%.

Мұнайды қайта өңдеу өнімдері – 10,6%-ке, химия өнеркәсібі өнімдері – 22,6%-ке, тамақ өнімдері – 3,2%-ке өсуі байқалады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 22,0 млрд теңге немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне 112,5% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар 61,7 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар – ақпан деңгейінен 12,8%-ға төмен.

2026 жылы жалпы сомасы 428,1 млрд теңгеге 2 415 жұмыс орын құрумен 54 жоба іске асырылуда.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2026 жылдың 1 наурызына 2,4%-ке төмендеді және 57,2 мың бірлікті құрады.

ШОБ субъектілерімен 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 2 169,4 млрд теңгеге өнім өндірілді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 1,2%-ға көп.

74,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2025 жылғы қаңтар - ақпанына 106,5%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 19,6 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезең деңгейінен 5,1%-ға көп.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 88,8 млрд теңге, 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,6% құрады.

ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтар айында 463,0 млн АҚШ долларын құрап, 2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда 28,3%-ға төмендеді.

Көлік қызметінің көлемі 40,6 млрд теңгені немесе 105,9% құрады. 6,7 млн тонна жүк және 10,1 млн жолаушы тасымалданды немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 104,8% және 106,6%.

Инфляцияның жалпы деңгейі (2025 жылғы желтоқсанға) 102,5% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 2,1%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 1,9%-ке, ақылы қызметтер – 3,8%-ке.

Мемлекеттік бюджетке 99,0 млрд теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 75,3%), соның ішінде республикалық бюджетке – 58,5 млрд. теңге (64,0%), жергілікті – 40,5 млрд. теңге (101,0%).

Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,7%. Есепті кезеңде 1950 жұмыс орны құрылды, 2380 адам жұмысқа орналастырылды.

2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда орташа айлық еңбекақы 371 091 теңге құрады немесе 2024 жылғы сәйкесінше деңгейіне 106,6%.

 

Дата публикации
27 марта 2026