2025 жылғы қаңтардағы өнеркәсіп өнімдері 289,1 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 76,0%.
Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 73,4%, өңдеу саласында 76,0% құрады.
Газ өндірісінің көлемі 1711,5 млн. текше метр құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 27,3%-ке төмен, газ конденсаты – 818,4 мың тонна немесе 71,1%.
Мұнайды қайта өңдеу өнімдері – 2,5%-ке, машина жасау – 4,1%-ке, тамақ өнімдері – 2,4%-ке өсуі байқалады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 9,3 млрд. теңге немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне 115,9% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар 33,8 млрд. теңге құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар деңгейінен 9,4%-ке артық.
2026 жылы жалпы сомасы 89,0 млрд. теңгеге 1478 жұмыс орын құрумен 72 жоба іске асыру жоспарлануда.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2026 жылдың 1 ақпанына 0,1%-ке төмендеді және 58,6 мың бірлікті құрады.
ШОБ субъектілерімен 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 2169,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 1,2%-ке көп.
30,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2025 жылғы қаңтарға 118,3%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 6,8 млрд. теңге құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезең деңгейінен 19,1%-ке көп.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 44,0 млрд. теңге, 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,6% құрады.
ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан айында 7605,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 4,9%-ке төмендеді.
Көлік қызметінің көлемі 21,3 млрд. теңгені немесе 111,3% құрады. 3,3 млн. тонна жүк және 5,2 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 105,8% және 109,0%.
Инфляцияның жалпы деңгейі (2025 жылғы желтоқсанға) 101,4% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,1%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 0,9%-ке, ақылы қызметтер – 2,5%-ке.
Мемлекеттік бюджетке 33,1 млрд.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 58,2%), соның ішінде республикалық бюджетке – 19,2 млрд. теңге (48,9%), жергілікті – 13,9 млрд. теңге (78,7%).
Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,3%. Есепті кезеңде 1096 жұмыс орны құрылды, 1343 адам жұмысқа орналастырылды.
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда орташа айлық еңбекақы 371 091 теңге құрады немесе 2024 жылғы сәйкесінше деңгейіне 106,6%.