2025 жылғы қаңтар-қазандағы өнеркәсіп өнімдері 3535,0 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 100,8%.
Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 100,2%, өңдеу саласында 112,2% құрады.
Газ өндірісінің көлемі 25824,6 млн. текше метр құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 5,6%-ке көп, газ конденсаты – 12523,9 мың тонна немесе 100,2%.
Дайын металл бұйымдары – 2,6 есе, мұнайды қайта өңдеу өнімдері – 1,7 есе, басқа металл емес минерал өнімдер – 3,5%-ке, тамақ өнімдері – 0,5%-ке өсуі байқалады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 319,9 млрд. теңге немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне 102,8% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар 874,4 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінен 13,7%-ке артық.
2025 жылы жалпы сомасы 31,1 млрд. теңгеге 485 жұмыс орын құрумен 31 жоба іске асырылды.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2026 жылдың 1 қаңтарына 2,3%-ке өсті және 59,4 мың бірлікті құрады.
ШОБ субъектілерімен 2025 жылдың қаңтар-маусымында 1347,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 1,0%-ке көп.
642,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанға 100,8%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 379,7 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен 11,2%-ке көп.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 660,2 млрд. теңге, 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,2% құрады.
ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-қараша айында 7063,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2024 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 4,8%-ке төмендеді.
Көлік қызметінің көлемі 228,5 млрд. теңгені немесе 101,9% құрады. 38,1 млн. тонна жүк және 62,4 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 114,2% және 90,9%.
Инфляцияның жалпы деңгейі (2024 жылғы желтоқсанға) 111,8% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 12,7%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 8,6%-ке, ақылы қызметтер – 13,8%-ке.
Мемлекеттік бюджетке 585,9 млрд.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 75,6%), соның ішінде республикалық бюджетке – 346,2 млрд. теңге (64,1%), жергілікті – 239,7 млрд. теңге (102,0%).
Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 3,6%. Есепті кезеңде 16008 жұмыс орны құрылды, 17679 адам жұмысқа орналастырылды.
2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте орташа айлық еңбекақы 368 570 теңге құрады немесе 2024 жылғы сәйкесінше деңгейіне 107,4%.