2025 жылғы қаңтар-қазандағы өнеркәсіп өнімдері 3343,2 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 102,9%.
Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 102,2%, өңдеу саласында 115,2% құрады.
Газ өндірісінің көлемі 23829,0 млн. текше метр құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 8,1%-ке көп, газ конденсаты – 11591,6 мың тонна немесе 102,3%.
Дайын металл бұйымдары – 4,0 есе, мұнайды қайта өңдеу өнімдері – 1,9 есе, металлургия өнеркәсібі өнімдері – 3,5%-ке, басқа металл емес минерал өнімдер – 0,9%-ке, тамақ өнімдері – 0,4%-ке өсуі байқалады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 298,6 млрд. теңге немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне 104,0% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар 748,3 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-қараша деңгейінен 17,2%-ке артық.
2025 жылы жалпы сомасы 28,7 млрд. теңгеге 415 жұмыс орын құрумен 21 жоба іске асырылуда.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2025 жылдың 1 желтоқсанына 3,1%-ке өсті және 59,9 мың бірлікті құрады.
ШОБ субъектілерімен 2025 жылдың қаңтар-маусымында 1347,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 1,0%-ке көп.
551,9 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2024 жылғы қаңтар-қарашаға 101,2%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 290,8 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен 8,3%-ке көп.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 578,0 млрд. теңге, 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,2% құрады.
ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-қазан айында 6448,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2024 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 4,0%-ке төмендеді.
Көлік қызметінің көлемі 207,3 млрд. теңгені немесе 101,4% құрады. 34,7 млн. тонна жүк және 56,2 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 115,9% және 88,6%.
Инфляцияның жалпы деңгейі (2024 жылғы желтоқсанға) 111,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 11,8%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 8,2%-ке, ақылы қызметтер – 13,8%-ке.
Мемлекеттік бюджетке 526,2 млрд.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 80,4%), соның ішінде республикалық бюджетке – 309,5 млрд. теңге (68,7%), жергілікті – 216,7 млрд. теңге (106,5%).
Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,3%. Есепті кезеңде 15113 жұмыс орны құрылды, 17118 адам жұмысқа орналастырылды.
2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте орташа айлық еңбекақы 368 570 теңге құрады немесе 2024 жылғы сәйкесінше деңгейіне 107,4%.