«Дипломмен - ауылға!» жобасы.

Ауылдың кадрлық әлеуетін жақсарту және қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылдан бастап «Дипломмен - ауылға!» Жобасы жүзеге асырылуда, оның аясында ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген мамандар мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау алады.

             2026 жылдың  1қаңтарына290 маман тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 2487,5млн.теңге бюджеттік несие алды. Жергілікті бюджет есебінен ауылдық елді мекендерге келген мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетуге 606,4млн. теңге қаражат, оның ішінде 320,0 млн. теңге көтерме жәрдемақы бөлінді. 814 маман көтерме жәрдемақы алды,  оның ішінде педагогтар – 522, денсаулық сақтау мамандары – 148, әлеуметтік қамсыздандыру – 14, мәдениет – 46, спорт –19, агроөнеркәсіптік кешен – 43 және мемқызмет – 22.

             Жалпы, 2009 жылдан 2026 жылдың 1 қаңтарынадейін ауылға 11065 маман тартылды, оның ішінде 7366 мұғалім, 2043 денсаулық сақтау маманы, 171 әлеуметтік қамсыздандыру маманы, 698 мәдениет маманы, 315 спорт, агроөнеркәсіп кешені - 372 және мемқызметкерлер - 100. Әлеуметтік қолдау шараларына 4926,0 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді.

             Әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешеннің 5542 маманы 21977,7 млн.теңге бюджеттік несие алды.

            

Дата публикации
15 января 2026