2025 жылғы қаңтар-қазандағы өнеркәсіп өнімдері 3105,0 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 103,6%.
Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 102,8%, өңдеу саласында 116,9% құрады.
Газ өндірісінің көлемі 21524,7 млн. текше метр құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 9,1%-ке көп, газ конденсаты – 10506,7 мың тонна немесе 102,9%.
Дайын металл бұйымдары – 5,3 есе, мұнайды қайта өңдеу өнімдері – 1,9 есе, тамақ өнімдері – 3,2%-ке өсуі байқалады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 280,6 млрд. теңге немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне 106,4% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар 566,6 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-қазан деңгейінен 1,2%-ке артық.
2025 жылы жалпы сомасы 29,9 млрд. теңгеге 475 жұмыс орын құрумен 22 жоба іске асырылуда.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2025 жылдың 1 қарашасына 1,8%-ке өсті және 59,2 мың бірлікті құрады.
ШОБ субъектілерімен 2025 жылдың қаңтар-маусымында 1347,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 1,0%-ке көп.
484,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2024 жылғы қаңтар-қазанға 104,1%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 262,3 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен 9,0%-ке көп.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 506,1 млрд. теңге, 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 101,0% құрады.
ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айында 5836,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 2,8%-ке төмендеді.
Көлік қызметінің көлемі 186,4 млрд. теңгені немесе 101,2% құрады. 31,3 млн. тонна жүк және 50,8 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 117,8% және 87,6%.
Инфляцияның жалпы деңгейі (2024 жылғы желтоқсанға) 111,2% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 11,5%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 7,8%-ке, ақылы қызметтер – 14,3%-ке.
Мемлекеттік бюджетке 469,9 млрд.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 81,9%), соның ішінде республикалық бюджетке – 274,2 млрд. теңге (69,9%), жергілікті – 195,7 млрд. теңге (107,9%).
Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,3%. Есепті кезеңде 14116 жұмыс орны құрылды, 16181 адам жұмысқа орналастырылды.
2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте орташа айлық еңбекақы 368 570 теңге құрады немесе 2024 жылғы сәйкесінше деңгейіне 107,4%.